Home » Қаржы саласы » Halyk Bank – рейтингтің үздігі

Halyk Bank – рейтингтің үздігі

         SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді.
       Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банктердің функционалын, ШОБ клиенттері үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ескерді. Атап айтқанда, сарапшылар әр елдің үздіктерін анықтады және олардың қатарында Halyk Bank-тің  бизнеске  арналған  Onlinebank  қосымшасы  аталдыБұл банк командасыныңБір терезе”  қағидаты бойынша жұмыс істейтін функционалдық және заманауи мобильді қосымшасынжасай алғанын дәлелдейді.
        Onlinebankке тіркелгеннен кейін бірден жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге және шот ашуға болады. Әрі қарай, қосымшада сіз тегін жеткізу қызметі бар корпоративтік картаны аша аласыз немесе Apple Pay және Samsung Pay-гебайланыстыруға болатын цифрлы картаны шығаруға боладыЦифрлы карта – бұл Onlinebank-те әпсәтте шығарылатын және толығымен  қолдану тегін бірегей банк өнімі.
          Қосымшада ақша айырбастауға болады, ал кәсіпкерлер үшін “Сауда сигналы” функционалы қолжетімді, яғни күтілетін бағамды көрсетіп, одан ары нарық өзгеріп, қажетті бағамға жеткен кезде банк клиентке push-хабарлама жолдау мүмкіндігін қарастырған. Onlinebank-те сондай-ақ рубльмен ақша аударудың жеңілдетілген түрі бар. Енді алушының деректемелері автоматты түрде толтырылады. Бұдан басқа “Бағдаршам” сервисі іске қосылды, онда сервис базасы әріптестердің сенімділігін тексереді.
         Onlinebank қосымшасы қызметіндегі үлкен серпілістің бірі – бұл телефон нөмірі бойынша жеке тұлғалар да, бизнес-серіктестер де 24/7 режимінде комиссиясыз заңды тұлғалар мен ЖК шоттарына ақша қаражатын аудару мүмкіндігі. Бұл қызметті қолдану үшін бизнес иесі сенімді нөмірді Onlinebank қосымшасындағы компанияның шотына тіркеуі тиіс.
          “Бұл жетістік – Halyk Bank командасының еңбегі. 2020 жылы күрделі коронавирус кезеңде тек жұмыла жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлер карантиндік шектеулер жағдайында белсенді қолданған инновациялық және практикалық онлайн-сервистер мен өнімдерді әзірлеу және оны енгізу үшін өзінің цифрлық әлеуетін шоғырландырды. Бүгінгі жетістігіміз Halyk Bank және Halyk тобындағы барлық компаниялар ұсынатын онлайн-қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосымша ынтаберетіні сөзсіз“, – деді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...