Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛДЫН-АЛА БРОН БОЙЫНША ҚАБЫЛДАЙДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АЛДЫН-АЛА БРОН БОЙЫНША ҚАБЫЛДАЙДЫ

АЛДЫН-АЛА БРОН БОЙЫНША ҚАБЫЛДАЙДЫ

Нұр-Сұлтан қ. 30 наурыз
        Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысының ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала бронмен қабылдайды. Бұдан бұрын клиенттерді брон арқылы Алматы қаласының ХҚО-лары қабылдай бастаған болатын.
     «Бас санитар дәрігердің қаулысы – клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді вирустан қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара. Бұл шешімге қазақстандықтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын және ерекше қажеттілік болмаса, азаматтардыХҚО-ға бармауды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz және eGov mobile мобильдік қосымшасында онлайн алуға болатынын еске салғым келеді. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз!» – дейді Азаматтарға арналған үкіметтің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.
           Кезекті бірнеше минут ішінде egov.kz порталы, egov mobileқосымшасы, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot)телеграм-боты, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.
Клиентке брондау кезінде өзінің жеке деректерін толтырып, өңірді, ХҚО бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет.
           Көп балалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар ХҚО-ға кезекті брондау барысында «Жеңілдік терезесін» таңдай алады. Сондай-ақ, егер ХҚО-ға бір барғанда бірнеше мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу қажет болса, порталдан тиісті бағдарды таңдау қажет.
            Азаматтарға арналған үкімет ХҚО-ға брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келуге және барлық санитарлық талапты сақтауды сұрайды. Өңірлердің санитар дәрігерлерінің қаулысы бойынша ХҚО-лар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (Алматы облысының ХҚО-лары сенбі күні қысқартылған кесте бойынша қабылдайды).

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...