Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БЕС ЖАСАР ЕРҚАНАТТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БЕС ЖАСАР ЕРҚАНАТТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

БЕС ЖАСАР ЕРҚАНАТТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

    Өмірде күтпеген кездейсоқ жағдайлар болып жатады. Жақында Мырзакент кенті жанынан бой көтерген жаңа ықшамаудан маңында канал бойында ойнап жүрген  5 жастағы Ерқанат Берікұлы бұл көпірден өтер кезінде байқаусызда суға түсіп кетеді.
     Қыстың ызғарлы аязды күнінде мұздай суға ағып барып жатқан сәбиді көрген 1-Жоба №17 үйдің тұрғыны Гүлмира Пірмаханова жанұшыра жүгіріп айқайлап, кәмелет жасындағы ұлы Данияр Балкенді көмекке шақырды. Балкен баланы құтқару үшін суға күмп береді. Суға батып, шығып бара жатқан Ерқанатқа жетіп алып, жағаға қарай алып шығады. Көп су жұтып қойған бүлдіршінге анасы екеуі алғашқы көмек беріп, аяқ-қолын уқалап есін жиғызады. Тез арада 4-Жоба №62 үйде тұратын ата-анасына хабар береді. Көп өтпей Ерқанатты Мырзакент орталық ауруханасына жеткізеді. Қазір Ерқанаттың жағдайы жақсы, отбасына аман-есен оралды.
    –  Ерлікті тек соғыс кезінде жасайды деп ойлаймыз. Бірақ, бейбіт күнде де ерлік жасап жүрген азаматтар аз емес. Мектебіміздің 9 «Ә» сыныбында оқитын Данияр Балкен шұғыл шешім қабылдап, тастай суық суға түсіп сәбиді құтқарып, аман алып қалды. Бұл үлкен ерлік, азаматтық деп білеміз.
Осындай ержүрек, батыр ұл тәрбиелеген анасы Гүлмира Пірмахановаға қалай риза болмайсың. Сынып жетекшісі Кабира Нұрова Балкенді тәрбиелі, үлгілі оқушымыз деп мақтан етеді. Біздер мектеп ұжымы да осындай патриот, батыл жүректі шәкіртімізбен мақтанамыз,-деді Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Усербай Қыдырбаев.
       Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»деген мақаласында «Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады»,-деді. Біздің шәкірттеріміздің  де осындай патриоттық сезіммен рухтанғанына қуаныштымыз.
Бақытжан НЫСАНБАЕВ,
Ғ.Мүсірепов атындағы ЖОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...