Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
РЕКТОРЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУГЕ ШАҚЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » РЕКТОРЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУГЕ ШАҚЫРДЫ

РЕКТОРЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУГЕ ШАҚЫРДЫ

КАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қазақстандық ЖОО-лардың ректорларын білім саласына әлеуметтік жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл туралы ол жоғары оқу орындарының ректорларымен өткен кездесуде айтты. Жиында 120-ға жуық университеттің басшысы жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, білім сапасын арттыру жолдарын талқылады.
«Құрметті әріптестер, баршаңызды білім саласына бизнес емес, әлеуметтік жауапкершілік ретінде қарауға шақырамын. Енді бұрынғыдай мемлекеттік үлгідегі дипломдар болмайды. Сондықтан әрқайсысымыз ел алдында, студенттер мен ата-аналар алдында білім сапасы үшін жауаптымыз. Біздің басты клиентіміз – студенттер емес, жұмыс берушілер. Қазір білім алып жатқан студенттер кейін біздің және балаларымыздың болашағын ықпал етеді»,- деп атап өтті ол ректорлар кездесуінде.
         Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, егер университет студенттен оқу ақысын ала отыра еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы білім бермесе, ол алаяқтық деп есептеледі.
«Тұтынушы өзі күткендей сапалы білім ала алмаған жағдай да кездесуі мүмкін. Кәсіби құзыреттілігінің төмендігінен жұмыссыз қалған студенттер немесе ата-аналары оқуға жұмсалған ақшаны қайтаруды талап етіп, университетті сотқа бере бастауы да мүмкін», — дейді ол.
Сондай-ақ Талғат Нәрікбаев оқу процесі мен бизнес-процестерді цифрландыру әрдайым ақшаға тіреле бермейтінін атап өтті. Университеттің ішінде қандай проблемалар бар екенін, нәтижелері қай кезеңде «тоқтап қалатынын» немесе бұрмаланатынын түсіну үшін сапалы және терең аудит жүргізіп, процестерге қанша уақыт жұмсалатынын анықтау қажет.
«Әдетте, жоғары оқу орындары ашықтықты қаламаған кезде академиялық процестерді цифрландыруға қарсы болады. Себебі білім сапасын бағалаудың, өтініштерді қараудың және шешімдерді қабылдаудың әрбір кезеңі көпшілікке көрініп тұрады және сақталып қалады», — деді Талғат Нәрікбаев.
Атап өтейік, шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...