Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕГЕР МЕМЛЕКЕТ ӘДІЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАМАСА, ОНДА ХАОС ПАЙДА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЕГЕР МЕМЛЕКЕТ ӘДІЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАМАСА, ОНДА ХАОС ПАЙДА БОЛАДЫ

ЕГЕР МЕМЛЕКЕТ ӘДІЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАМАСА, ОНДА ХАОС ПАЙДА БОЛАДЫ

Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады. Бұл туралы KАЗГЮУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қазақстандық жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде мәлімдеді.
«Сапа мен академиялық адалдық үшін күресті бастаған кез келген жоғары оқу орны адал бәсекелестік қана тиімді болатынын түсінеді. Адал бәсекелестік – ол базалық ережелерді сақтау және сапа стандарттары мен этикалық нормаларды бұзбау дегенді білдіреді. Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады», — деді Т. Нәрікбаев.
Оның айтуынша, жоғары білімде кіріс тек жоғары білімнің өзіне жұмсалуы тиіс.
«Елімізде жоғары оқу орындарын табыс табу мақсатында ашқан кезең болды. Бүгінде сол жоғары оқу орындары қоғамдажоғары білім саласы туралы теріс пікірді қалыптастырып жатыр. Сондықтан бұл жағдайды шұғыл түрде түзету керек, жоғары білімде кіріс тек жоғары білімнің өзіне жұмсалуы тиіс. Яғни оқу орнында қолайлы жағдай жасау, озық цифрлық шешімдерді енгізу, еңбекақыны көтеру және басқа да негізгі мәселелерге бағытталғаны дұрыс», — деді.
Атап өтейік, шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
КАЗГЮУ-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...