Home » Әлеумет » ЭЛЕКТРОНДЫҚ АГРОХИМИЯЛЫҚ КАРТОГРАММАНЫ ТІРКЕУ НОРМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АГРОХИМИЯЛЫҚ КАРТОГРАММАНЫ ТІРКЕУ НОРМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Құрметті Мақтаарал ауданы тауар өндірушілері! Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрілігінің 11.01.2021 жылғы № 3-6-6/67-И шығыс  хатында, 2021 жылы ағын су тапшылығы туындау мүмкіндігі айтылған.
 Мақтаарал ауданы ауыл шаруашлығы бөлімі осы жайға байланысты сізден 2021 жылғы вегетация кезеңін нәтижелі өткізу және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, суды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су шықпайтын қыратты жерлерге суды көп қажет ететін дақылдар екпеу, сумен қамтамасыз етуге қажетті сорғыларды (насостар) пайдалану, суғару технологиясын (түнгі суару, кезекпен суару) жетілдіру мәселесіне алдын-ала дайындық, сондай-ақ егістік алқаптарындағы су жеткізіп беруші каналдардың су өткізу қабілеттерін арттыру, оларды тазалау жұмыстарына баса назар аударуды сұрайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы   30 наурыздағы  «Өсімдік шаруашылығы  өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №107  бұйрығының 4 тарауы «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» қағидасының 65 тармағы 7 тармақшасына сәйкес  агроқұрылымдардың субсидия алу, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (рН), нитраттық, жеңілгидролиздендіргіш немесе сілтілігидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу бойынша нормасы 2021 жылдың  1 қаңтарынан  бастап қолданысқа енгізілгенін еске салады.
Осыған байланысты жоғарыда аталған электрондық агрохимиялық картограммасы өткізілмеген егістік алқабы мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді (субсидия, жанар жағар-май және т.б) ала алмайтынын   хабарлаймыз.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...