Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2020 жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоо-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты.
Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар:
  1. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.
108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған.Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында  жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы — қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары нарықтағы сұранысқа қаншалықты сай келетінін анықтау, ЖОО-лар арасында рейтинг жасау болып табылады.
Академиялық адалдық Лигасының баспасөз қызметі.
 Анықтама. Лиганың негізгі мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы жоғары білім беру сапасын арттыру. Лиганың қызметі әлемнің ең үздік университеттерінің тәжірибелеріне негізделген 10 қағидаттармен тығыз байланысты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – АДАЛ АЗАМАТ БЕЙНЕСІ

        ...

БРАКОНЬЕРЛІК – ЭКОЖҮЙЕМІЗГЕ ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАТЕР

       Бүгінгі ...

ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

        ...

АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН ЕКІНШІ САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТИІМДІ АЙНАЛДЫРУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Компьютерде қолданылатын санау жүйелері ...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ...