Home » Әлеумет » ЖЕТІСАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» АТАНДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» АТАНДЫ

Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар 2020 жылдың «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды.
Карантиндік шектеулерге орай бұл шара онлайн форматта өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жыл бойы атқарған істі бағалап, осы жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 42 аталым бойынша марапаттап, құттықтады. Олардың бірқатары өз жүлделерін облыс әкімі орынбасарының қолынан алды.
Түркістан облысы бойынша 2020 жылдың үздік номинация иегерлеріне ұсынылған үміткерлердің ішінде Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты № 10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ташева Болсынай Аханкызы «Жылдың үздік ұстазы» атанып, мерейі үстем болды.
Облыстағы 50 мыңнан астам ұстаздардың ішінен іріктеліп, үздік танылған ұстазды Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев қабылдап, жеңісімен құттықтады. Сый-құрмет көрсетті.
Бұған дейін де дүбірлі додаларда топ жарып жүрген ұстаздың да, шәкірттерінің де жеткен жетістіктері аз емес. Нақтырақ айтар болсақ, биылғы жылдың өзінде Болсынай Аханқызы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы директорының Алғыс хатымен және 25 000 тенгелік СЕРТИФИКАТЫМЕН марапатталып, «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының аудандық кезеңінің І орын, «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері атанған.
Ал, оқушысы Жұлдыз Кемелхан ағылшын тілі пәнінен Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын, Республикалық кезеңінде ІІІ орынды иеленсе, тағы бір шәкірті Балнұр Жолбарыс FLEX бағдарламасының Жеңімпазы атанып, Білім Грантымен АҚШ-да білім алып келді.
Сонымен қатар, Сұлтан Бибарыс, Қабылбек Сымбат, Төлебай Шуақжан, Баянов Бекзат «Білген – Аламан» пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанса, Республикалық кезеңінде оқушылары Алтынбек Сабина ІІ орынды, Мінайдар Ақжүніс І орын иеленген. Жұрқабаева Аруана, Абдусапар Анель, Ажан Ақмарал, Минайдар Ақжүніс, Қабылбек Сымбат сынды шәкірттері «Кенгуру – лингвист» халықаралық ойын-сайысында жүлделі І орынды иеленсе, «Бритиш Бульдог» халықаралық ойын-сайысында Мінайдар Ақжүніс пен Жарылқасым Нұрай ІІ орын иегерлері атанған. «Алтын Қыран – Ерекше Дарын иесі» сайысында Абдусапар Анель ІІ орын, Жұрқабаева Аруана, Кемелхан Жұлдыз, Бейсенбай Әлия «Ақжелкен» лингвистикалық сайысының І орынды, Жолбарыс Балнұр ағылшын тілінен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде І орынды, облыстық кезеңінде ІІ орынды иеленіп Республикаға жолдама алса, Жақсыбай Арайлым пән олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын алып облыстық кезеңінде арнайы Мадақтама иегері атанған. Қабылбек Сымбат аудандық кезеңінде І орын иеленсе, облыстық кезеңінде Алғыс Хатпен марапатталды. Ал, Мұрат Мерей, Баянов Бекзат аудандық кезеңде І орын иегерлері атанған.
Шәкірттері осылайша түрлі деңгейлерде топ жарып жүрген ұстаз елеулі еңбегі үшін Түркістан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырған Халықаралық Конференцияға белсене қатысқаны үшін Мадақтамамен, BILGE Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының Республикалық деңгейдегі пән олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен және «Серпін» білім және инновация ұлттық палатасының Алғыс хатымен, «Мектеп ұстаздарының әлемі» редакциясының дарынды балдарды дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жас та болса талай жетістікке жетіп жүрген Болсынай Аханқызын облыстың үздік атануымен құттықтаймыз!
Жетісай аудандық білім бөлімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...