Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ПЛАТФОРМА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ПЛАТФОРМА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ПЛАТФОРМА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қазнетте қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заң жобаларын талқылайтын жаңа платформа ашылды. Идея авторы KAZGUU-дің айтуынша, www.kodeks.kz сайты  ғылыми пікірталас үшін құрылған.  Заңгерлер ғана емес, кез-келген азамат, БАҚ өкілі мен мүдделі тұлғалар да НҚА жобасының нақты ережелері мен нормаларын талқылауға қатысуға мүмкіндік алып отыр.
         «Ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін тегін болып табылатын платформа біздің өз қаражатымыздың есебінен құрылды. Контенті профессор-оқытушылар құрамының зерттеу нәтижесімен үнемі қазақ және орыс тілдерінде толығып отырады»,- деді Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық кеңсесінің тікелей эфирінде KAZGUU-дың Провосты Сергей Пен.
         Қазіргі уақытта кез келген ұйымға өзіне бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді басқаруға және редакциялауға мүмкіндік бердік. Нәтижесінде ҚР Конституциясын ғана емес, Кодекстері мен заңдарын  талқылауға мүмкіндік туды.  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын талқылау жоспарлануда.
         «Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанында Ғылыми-консультативтік кеңес жұмыс істейді. Бұл платформа ғылыми кеңестің мүшелігіне кірмейтін  басқа да ғалымдардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Сот қызметінде заңгер ғалымдардың ғана емес, қарапайым халықтың пікірі де маңызды. Егер Қазақстанның кез келген азаматы өз пікірін дәлелді түрде баяндайтын болса, онда оның ұсынысын өз жұмысымызда қолдана аламыз. Қазір судьяларға қатысты сын көп. Kodeks.kz осы сын-ескертпелерді  кәсіби диалог аясында қарастыра аламыз», — деді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының бөлім меңгерушісі Дәурен Еңсебаев.
KAZGUU-дің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...