Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШӘКІРТТЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШӘКІРТТЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШӘКІРТТЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық-әлеуметтік саласында жүргізіліп жатқан реформалар білім беру саласын да кеңінен қамтып келеді. Отандық білім жүйесінде мемлекеттің ұстанған саясатының ауқымы кеңіп, білім беруді жаңғырту, жаңарту талабына сай оқыту үрдісін технологияландыру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде.
Негізгі мақсаты – білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып, білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған «мендік» пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу болып табылатын Жетісай ауданы ұстаздарының еңбегі ақталуда.

Сөзіміздің бір дәлелі ретінде «Зерде» балалар шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысын айтуға болады. жалпы білім беру мекемелерінің 2 – 7 сынып оқушылары арасында өткен білім додасында Мұратова Шара Оналханқызы жетекшілік жасаған №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Мырзатай Ұлжан Сейтханқызы, Ағментаева Алия Бейсенбайқызы жетекшілік жасайтын №14 «Н.Оңдасынов» атындағы жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Темірхан Бағдат Серғазыұлы, Ерманова Алия Маматжанқызы жетекшілік ететін №14 «Н.Оңдасынов» атындағы жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Жұмабай Ұлбосын Серікқызы және Рысдәулет Майра Рысдәулетқызы жетекшілік жасайтын №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Нақыпбай Сымбат Тойжанқызы жүлделі ІІІ орындарға ие болса, Мамраймова Ақмарал Есіркепқызы жетекшілік ететін №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Зұлхарнай Жұлдыз Кемелханқызы мен Қарсақбаева Айгүл Базарбайқызы жетекшілік жасайтын аталмыш мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Паташ Ақжусан Бекжанқызы ұйымдастырушылардың арнайы номинацияларына ие болды.

Бүгінде оқушының өзін-өзі тұлға ретінде көрсете алуы үшін білімді қаншалықты игергеніне емес, игерген білімді тиімді қолдана алуын басты назарда ұстайтын жетісайлық ұстаздардың шәкірттері бұған дейін де талай-талай білім аламандарында алдыңғы шептен көрінген.
Елдегі жастар саясаты мен біліміне, олардың заман талабына сай маман иесі болуына үлкен назар аударылып, барынша мүмкіндіктер жасалып отырған шақта аудан мектептерінің ел эконномикасын дамытар тұлғаларды дайындауда атқарар істері де, бағындырар белестері де мұнымен тоқтамақ емес.
Жетісай аудандық білім бөлімі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...