Home » Әлеумет » Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті

Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті

Форумға еліміздің – Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан баспасөз хатшылары,журналистер қатысты. Олардың Жетісу жеріне келудегі мақсаты  – өзара тәжірибе алмасу және Алматы облысындағы тарихи-мәдени нысандармен танысу болды. Басқосу Жамбыл, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында өтіп,  БАҚ өкілдері өзара іскерлік байланысты қалыптастыру, аудиториямен жұмыс тақырыптарын талқылады.Жетісу жеріне келген меймандарды облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қарсы алып, оларға өзінің игі тілегін жеткізді.
– Бұл саммит ішкі туризмді таныстыру ғана емес, әріптестік байланысты нығайту. Ақпарат алмасуда жаңа механизмдер, алгоритмдерді бөлісу. Мұнымен қоса, өңірде Елбасы, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асу барысын таныстыру- деп, ол қатысушыларға сәттілік тіледі.
Press Summit кезінде меймандар Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейі, Райымбек ауылдық округіндегі «Батыр бабалар», Үшқоңыр спорт кешені мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Мұнымен қоса, «Ой-Қарағай» демалыс кешені мен Тексан зауытын, Шонжыдағы ыстық су нысанын көрді. Бағдарламада еркін пікір алмасу қарастырылған. Бұл ретте БАҚ өкілдері өз білім-біліктерімен бөлісіп, әріптестік байланыстарды орнатты.Форум кезінде сөз алғандар презентация арқылы өз жұмыстарын баяндап, ақпарат таратудағы өзіндік тәсілдерімен бөлісті.
– Бұл басқосу біз үшін таптырмас тәжірбие алаңы болды. Үш күн ішінде біз тасын түртсең тарихы көрінетін Жетісу жерінің киелі орындарымен таныстық. Жамбыл бабамыздың еліне, жеріне бардық. Тамаша, бәрі ұнады. Осындай Press Summit керек-ақ. Өңірлерден келген әріптестерімнен көп нәрсе үйрендім-деп өз әсерімен бөлісті Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы.
Айта кетейік, «Jetisý media» КММ жанындағы аудандармен жұмыс жөніндегі бөлім ашылғаннан кейін халықты дұрыс жаңалықтармен уақтылы ақпараттандыру саласында үлкен жұмыс жүргізілді. Облыс, аудан мен қала әкімдерінің баспасөз хатшылары бір жыл ішінде 20 000-нан астам тікелей эфир өткізді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 25 000 жарияланым жарияланды. Халықпен жұмыс та шетте қалмайды, сондықтан тұрғындар тарапынан 40 000 – нан астам сұрақ қойылды, осының барлығына баспасөз хатшылары уақытылы жауап беріп отырды.«Бізде өздеріңізге белгілі, осыдан үш жыл бұрын аудан-қала әкімдерінде баспасөз хатшылары жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда олар билік пен бұқара арасына алтын көпір орнатты. Жергілікті жерлердегі қандайда бір мәселе, жаңалықтар болса алғашқы болып жариялап немесе әкімдікке жеткізіп шешу жолдарын қарастырып жатады. Бұл шараның да негізгі мақсаты сол. Облыстағы баспасөз хатшылары мен түрлі өңірдегі әріптестердің бірлесе жұмыс атқару. Соған дәнекер болу», – деді «Jetisý media» КММ бөлім басшысы Айман Асыл.

 

Аида КОЖМАМБЕТОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...