Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚСТАНҒА PISA БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ ҚАЖЕТ — ДАРХАН ӨТЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАЗАҚСТАНҒА PISA БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ ҚАЖЕТ — ДАРХАН ӨТЕ

ҚАЗАҚСТАНҒА PISA БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ ҚАЖЕТ — ДАРХАН ӨТЕ

         PISA — экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) мектептегі білім сапасын анықтайтын  халықаралық бағдарламасы. PISA тестіне экономикасы орташа және жоғары елдердегі 15 жастағы балалар қатысады. Соңғы рет 2018 жылы әлемнің 79 елінің оқушыларына арнайы тест ұйымдастырды. Алғашқы 50 елдің арасында Қазақстан жоқ деген сұрақ Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM платформасында талқыланған болатын.
         «Білім-инновация» ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте  PISA рейтингінде жоғары орынға көтерілу үшін Қазақстанға халықаралық сарапшы қажет деп санайды.
         «Мектебін дамытуды қолға алған біз ғана емеспіз. Бүкіл әлем білім саласына инвестиция құюда. Сондықтан PISA бойынша арнайы сарапшы қажет. Рейтингте жаңа мемлекеттер мен жаңа қалалар күтпеген жерден алға суырылып шығуда. Жай ғана мысал — Эстония. Біз Эстониямен бір одақта өмір сүрдік. Эстониядағы білімнің даму сатысына анализ жасап көрдім. Олар ең алдымен мектептер мен мұғалімдерге академиялық дербестік берді. Екіншіден, заманауи оқыту тәсілдерін тәуелсіздік алған сәтте енгізіп тастады. Үшіншіден, мұғалімдердің айлығын көтерді. Эстонияда қарапайым мұғалім орташа есеппен 1600 евро жалақы алады»,- дейді  Дархан Өте.
         «PISA тестіне Қазақстаннан 9 сынып (44%) және 10 сынып (53,4%) оқушылары қатысты. Шын мәнінде PISA-ға дайындық бастауыш сыныптан басталуы қажет. Ал мемлекеттік және ұлттық университеттен шыққан педагогтердің бәсекеге қабілеті төмен»,- деді Astana Garden School мектебінің негізін қалаушы Нұрмұхамед Досыбаев.
         2018 жылға арналған PISA рейтингінде алғашқы ондыққа Қытай  Сингапур, Макао, Гонконг, Эстония, Канада, Финляндия, Ирландия, Оңтүстік Корея, Польша енген. Тест әрбір үш жыл сайын тапсырылады.
ҚР БҒМ ҚАРАСТЫ ADAL BILIM ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...