Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

         Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте тұрғындардың өтініштерін қарау, игерілмей жатқан жер телімдерін тиімді пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстар мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалу барысы талқыланды.
       Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аумақтық мекеме жетекшілері, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
       Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы, әкімшілік және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас инспекторы Нұрбол Боранбаев баяндама жасап, жыл басынан бері аудан бойынша 2269 өтініш тіркелгенін айтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 385 өтінішке аз. Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында заң талаптарының сақталмауына байланысты бірқатар кемшіліктер анықталғаны айтылды.  Аудан әкімі Бақыт Асанов заң талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғалардан түсініктеме алып, мұндай жағдайлардың қайталанбауын қатаң тапсырды.
         Келесі мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов пен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Тұрғанбаев пайдаланылмай жатқан жер телімдеріне жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесін баяндады.
      Түгендеу барысында жалпы аумағы 130 гектарды құрайтын 40 игерілмеген жер телімі анықталған. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 13 жер телімінің иелері жалпы көлемі 40 гектар болатын аумақты игеруге кіріскен. Ал иесі қайтыс болған 59 гектар жерді иесіз мүлік ретінде рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, нақты игерілмей жатқан 30 гектар жер бойынша заң аясында шара қабылдау үшін облыстық жер ресурстарын басқару органына ұсыныс жолданған.
       Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов мемлекеттік акт рәсімделуі тиіс көшелер, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды түгендеу және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының орындалу барысына тоқталды.
        Қазіргі таңда мемлекеттік акт алуы қажет 323 көшенің 191-іне тиісті құжаттар рәсімделген. Аудан басшысы бұл жұмысты жеделдетіп, қалған көшелер бойынша құжаттандыруды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.
       Тұрғын үй кезегінде тұрған 2453 азаматтың бүгінгі күнге дейін 2185-нің құжаттары түгенделген. Қалған азаматтар бойынша жұмысты толық аяқтау қажеттігі айтылды.
         Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық талаптарын бұзған 59 азаматқа ескерту, ал 6 азаматқа әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бақылауды күшейту мақсатында барлық кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері арнайы планшеттермен қамтамасыз етілген.
        Аппараттық мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Асанов көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...