Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

          Жаз айы диқандар үшін қарбаласқа толы, жауапты науқан. Мақтааралдық диқандар қазіргі таңда мақта, қауын, қарбыз, көкөніс, жоңышқа, жүгері өсіріп, оны агротехникалық баптаудан өткізуде. Маңдай терімен аялап өсірген осынау дақылдарды дер кезінде суарып, ылғалдандыру мол өнімнің кепілі. Сондықтан шаруаларды жеткілікті мөлшерде ағын сумен қамтамасыз ету аса өзекті мәселенің бірі. Осы орайда, ауданда қандай жұмыстар атқарылуда, ағын су жеткізудің жай-күйі қалай? – деген сауалдарға жауап алу мақсатында «Қазсушар РМК» Мақтаарал аудандық өндірістік бөлімшесі басшының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Қалмырза БЕЙСЕНБАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.
         – Бүгінгі таңда диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жағдайы бірқалыпты, жұмыс жүйелі жүргізілуде, – деді Қ.Бейсенбаев. Көршілес елдердің Тоқтоғұл және Бахри-Точик су қоймаларының жұмыс кестесімен алдын-ала келісудің нәтижесінде «Достық» мемлекетаралық каналының Қазақстан бөлігіне су тұрақты түрде келуде. Орталық Азия мемлекеттері – қырғыз, тәжік, өзбек елдері арқылы келетін ағын су жыл басында әрбір ауданға бөлініп берілді. Біздің Мақтаарал ауданына биылға   453 миллион текше-метр су беру жоспарланған болса, қазірге дейін қысқы сор шаюды қоса алғанда       200 миллион текше-метр ағын су егістікке жұмсалды. Алда жыл соңына дейін қалған 253 миллион текше-метр су қорымызда тұр десек болады. Бұл су мөлшері мақтааралдық шаруалардың суармалы суға деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Көктемгі егіс басталысымен қауын, қарбыз, көкөніске қажетті ағын су шаруаларға дер кезінде жеткізілді. Бүгінгі таңда күн сайын егістікке 15 мың текше-метр су жіберілуде. Енді қозаны алғашқы суару басталғанда күндік сұраныс   40-50 мың текше-метрге дейін артады. Суармалы суды әрбір шаруа қожалығына дер кезінде жеткілікті мөлшерде жеткізіп беру – біздің басты, жауапты міндетіміз. Шаруалар «Қазсушармен» су беру жөнінде келісім-шартқа отырған. Сондықтан біз өзімізге тиісті барлық міндеттемелерді орындауға күш саламыз.
       Күні бүгінге дейін Мақтаарал ауданы бойынша 5 801 гектар егістік ағын сумен толық қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 5 066 гектар қауын-қарбыз, 438 гектар көкөніс, 240 гектар жоңышқа, 55 гектар жүгері алқабына су жеткізілді. Енді бірер күнде қоза суару жаппай қолға алынады. Әсіресе, шілде айында егістікті суару ісі қарқын ала түседі. Осы кезеңде ағын суды мейлінше үнемді жұмсауға күш салуымыз керек. Шілде айында мақта алқаптарында бір мезетте мол су қажет болады. Осы кезде су тапшылығы орын алуы мүмкін. Сондықтан шаруаларға суды бөлуде қатаң тәртіп, жүйе болуы керек. Су жүретін арық-атыз, каналдарды шөп-шалам, қоқыстан тазарту, су жүйелерінің табанын тереңдету жұмыстарын сапалы, уақтылы атқару қажет. Үстіміздегі жылы 460 шақырым арық-каналдарды тазарту жоспарланса, қазірге дейін  135 шақырымда жұмыс ойдағыдай атқарылды. Бұл іске 4 эксковатор, 1 жүк тиегіш, 1 бульдозер тартылып, механикалық тазалау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
         Қазір мақта дақылын суару үшін ағын суға өтінім қабылдануда. Шаруалар тезірек келісім-шартқа тұруы тиіс. Жыл басынан бері диқандарға мақта, бақша т.б. дақылдарға бекітілген су бағасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Басты мақсат – ағын суды үнемді жұмсап, оған әрбір шаруа үлкен жауапкершілікпен қараса дейміз.
        Айта кетерлігі, тамшылатып суару технологиясын пайдалану ағын су көлемін елу пайызға дейін үнемдеп, өнімділікті екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан шаруалар осы әдісті қолдаа отырып, бір алқаптан екі-үш өнім алу үрдісіне батыл көшкені жөн. Жылдан жылға көрші елдерден келетін ағын су көлемі азаюына байланысты оны мейлінше үнемді пайдалануды үйренбесек болмайды.
С.ДҮЙСЕБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 140 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Қазақстанда 25 маусымда техникалық ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

        ...

«КЕЛЕШЕК» – БОЛАШАҚ БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын ...