Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » 2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

         Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға еңбек тәжірибесін жинақтауға, табысын арттыруға және еңбек нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретін субсидияланатын жұмыс орындарын құруды жалғастыруда. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына 69,8 мыңға жуық адам орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
        Субсидияланатын жұмыс орындары жұмыс берушілермен еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтары) арасындағы шарттық негізде құрылады және жұмыссыздарды, сондай-ақ жұмыс іздеу кезінде қосымша қолдауды қажет ететін халықтың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға арналған.
         Қазіргі уақытта субсидияланатын жұмыспен қамтудың төрт негізгі бағыты іске асырылуда: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және «Күміс жас» жобасы.
       Қоғамдық жұмыстар ең сұранысқа ие бағыт болып қала береді. Бұл бағыт жұмыссыздарды, студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын оқудан бос уақытында уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Қоғамдық жұмыстардың ерекшелігі – олардың өңірлер үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық маңыздылығында. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес қоғамдық жұмыстарға 49,6 мың адам тартылды. Қатысушылардың еңбекақысы 24 АЕК-тен кем емес, яғни 103,8 мың теңгені құрайды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ТІЛ – ЖАҺАНДЫҚ МҮМКІНДІК

        ...

МАҢЫЗДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА

        ...

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС ТОҒЫСҚАН «ДАЛА КҮНІ»

        ...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

        ...