Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында, Семей қаласында, Абай облысының мәдениет саласы бойынша жыл қорытындысына арналған жиын-семинар және салтанатты шара өтті.
        Аталған шараға, «Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» басшысы Атаева Мейрамгүл Балабайқызы мен тіл оқытушысы Е.Омарғалиев қатысты.
        Семинар соңында, барлық қатысушыларға Сертификаттар табысталды. Өзара жиынтық фотосуретке түсіп, тәмамдалды.
        Шара аясында, облыс әкімінің орынбасары Раханов Мейірлан Ақылбекұлының қатысуымен өткен алқа отырысында Абай облысының мәдениет саласында бір жыл бойы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктер жөнінде Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы баяндама жасады. Соныменде, мәдениет қызметкерлеріне арналған жасанды интеллектті қолдану, мәдени іс-шараларды жоспарлау және есеп беру тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.
       Іс-шара барысында, қатысушылар ШҚО «Ұлы Дала қазынасы» көрмесін тамашалап, Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің «Жан тербетер әуен» атты шығармашылық концертін тамашалады.
       Облыс әкімдігінің қолдауымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен қорытынды концерт бір жыл бойы атқарылған еңбектің айшықты қорытындысына айналды. Концертте эстрадалық және симфониялық бағыттағы шығармалар орындалып, оркестр мен вокалдық ансамбльдің кәсіби деңгейі айқын көрініс тапты. Сахна төрінде оркестр солистері Қайсар Мұхтар, Анастасия Фишер, Олжас Оспан, Айгерім Тоқтыбаева, Боранбай Қалибаев, Нұрбек Амантұрұлы, Алтынай Алатаева, Серікбол Сейілхановтар өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаны оркестрдің бас дирижері Кенжегүл Ақшекина басқарғанын айта кеткен жөн.
          Жылдық қорытынды шара түйіні: Абай облысының Мәдениет саласы бойынша «Жыл үздігі – 2025» марапаттау салтанатымен түйінделді. Аталған байқауда Үржар ауданы «Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы үздік жетістік үшін» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл бағытта облыстық «Сөз дода» шешендік өнер байқауының алғаш рет Үржар ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны тілге тиек етіліп, мақтаныш сезімге бөленді.
       Ауданымызда тіл саясаты бағытында атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, қолдау көрсетіп отырған Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, басқарма басшысы Жанжігіт Абзалбекұлына айырықша алғыс білдіреміз.
        Сондай-ақ, салтанатты кеш барысында, өңірдің мәдениет саласында бір жыл бойы табысты еңбек еткен мекемелер мен шығармашылық ұжымдар 35 аталым бойынша марапатталған болатын. Мәдени мұраны сақтау, этно-мәдениетті дамыту, халық шығармашылығы мен кітапхана ісі бағыттарындағы үздік тәжірибелер барынша насихатталды.
        «Жыл үздігі – 2025» салтанатты кеші Абай облысының мәдени өміріндегі ерекше әрі маңызды кезеңнің қорытындысы болды деуге толық негіз бар. 2025 жыл өңір руханияты үшін серпінді, жаңашыл бастамаларға толы жыл ретінде есте қалды.
Абай облысы, Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...