Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

         Қоғамның тұрақтылығы мен ел болашағының кепілі – жас ұрпақтың амандығы мен қауіпсіздігі. Сондықтан да балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – мемлекет пен қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Түркістан облысы прокуратурасы тарапынан арнайы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы әзірленіп, өңір мектептерінде жүйелі түрде іске асырылып келеді.
         Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов Жетісай ауданына арнайы іс-сапармен келіп, осы концепция аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ол мектеп директорларымен, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторларымен кездесіп, бір ай көлемінде атқарылған істерге баға беріп, шешімін қажет ететін өзекті мәселелерді талқылады. Ауданымыздағы мектеп директорлары мен полиция инспекторлары да өз ұсыныстарын ортаға салып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
        Жиын барысында Түркістан облысы прокурорының орынбасары қоғамдағы өзекті проблемалар – буллинг, кибербуллинг, лудомания, интернет алаяқтық, әлімжеттік пен жыныстық тиіспеушілік сынды құқықбұзушылықтардың алдын алу ісінде әрбір азаматтың рөлі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол аудан прокуратурасына  аталған концепцияның орындалу барысын тұрақты түрде қадағалап, облыс прокуратурасына ақпарат беріп отыруды тапсырды.
         Кездесу соңында Дәулет Бекбашұлы балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу – бүгінгі қоғам алдындағы ең өзекті мәселе екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...