Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЛАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЛАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

ҚАЛАДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

         Жетісай қаласындағы басты көшелердің бірі – Мұхтар Әуезов көшесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір нүктелік рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.  Аталмыш рейдтің басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің құжаттарын тексеру және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.
           Іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрсұлтан Елшібаев тікелей қатысты. Ол жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздікке байланысты ескертулер жасап, түсіндірме сөз сөйлеп: «Құрметті көлік жүргізушілері! Жол ережесін сақтау – әрбіріміздің міндетіміз. Сіздердің тәртіп пен қауіпсіздікке деген жауапкершіліктеріңіз өз өмірлеріңізбен қатар, айналадағы жаяу жүргіншілердің де өмірін сақтайды. Сол себепті көлікті тек құжаттарыңыз толық болған жағдайда жүргізіп, қашанда жол ережесін сақтап жүрейік», – деді Елшібаев.
        Рейдтік шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге қауіпсіздік белдігін тағудың, жылдамдықты асырмаудың, жол белгілерін қатаң сақтаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
        Жол қауіпсіздігі – қоғам үшін аса маңызды. Сондықтан полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұратын болады.
Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...