Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІГІН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

        Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында білім беру ордаларында жасанды интеллекттің мүмкіндігін барынша пайдалануға шақырды.
        Сонымен қатар, Президентіміз Астана қаласында өткен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында мұғалімдер көп уақытын алатын күнделікті шаруаларды жасанды интеллект арқылы автоматтандырудың маңызына тоқталды. «Алгоритмдер шәкірттерге жеке тапсырмалар мен дайындық тесттерін әзірлеп, жауаптарды тексеріп, олармен жылдам кері байланыс орната алады. Мұндай технологиялық шешім мұғалімдердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, ұстаздық қызметпен шынайы айналысуына мүмкіндік береді. Бірақ бір нәрсе әрдайым есте болуы тиіс: мұғалімнің жанашырлығын және ақыл-парасатын ешбір технология алмастыра алмайды», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, ол: «Біздің мақсатымыз – педагогтерді басы артық жұмыстан босатып, өз миссиясын алаңсыз атқаруына жағдай жасау. Үкімет жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізген кезде осы қағиданы ескеруі керек», – деп атап өтті.
         Бұған дейін де Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жасанды интеллект саласына маманданған жаңа зерттеу университетін құруды және оқушылардың цифрлық профильдерін жасауды тапсырған болатын.
          Педагогика саласына қайта оралсақ. XXI ғасыр мұғалімдері кез келген жағдайда бейімделе білетін, педагогикалық қызметтің барлық түрін меңгерген, ақылды әрі парасатты тұлға болуы керек. Олар өзгерістерге дайын, жаңашыл әрі шығармашыл болуы шарт. Қазіргі жас ұстаздар білімді, ізденімпаз және креативті. Әрине, қателіксіз адам болмайды. Ең бастысы – сол қателікті түсініп, түзете білу және алға қарай дамуға ұмтылу.
          Елге қызмет ететін шәкірттерді тәрбиелеу – абыройлы әрі жауапты міндет. Бұл бағытта жасанды интеллект бағдарламаларын сабақ барысында қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады деп ойлаймын. Ол жеке оқушыға бағытталған тапсырмалар құрастыруға, білім алушылардың қызығушылығын арттыруға және білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта D-ID, LearningApps.org, Magic School, Gamma App, сурет және аудио генерациясы сияқты білім беру платформаларының пайдасы зор.
         Magic School – мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы жасалған платформа. Ол креативті сұрақтар құрастыруға, әр оқушымен жеке сараптама жүргізуге, сабақ жоспарын әзірлеуге үлкен көмек береді. Сондай-ақ, тапсырмалар оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне қарай бейімделеді.
          LearningApps.org платформасында оқу модульдерін алдын ала жасап, сақтап қоюға болады. Бұл – кесте, суреттерді іріктеу, викториналар, бос орындарды толтыру, аудио-видео контент, пазлдар мен сөзжұмбақтар сияқты қызықты тапсырмалар құрастыруға өте ыңғайлы. Бұрын мұндай тапсырмаларға көп уақыт кететін болса, енді жасанды интеллекттің арқасында оларды жылдам дайындауға болады.
        D-ID қосымшасы арқылы ақын-жазушылардың бейнелеріне жан бітіру – оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын оятады, тыңдау дағдыларын дамытады және тарихи тұлғалар туралы білімдерін бекітеді.
         Gamma App – нейрондық желілерге негізделген презентация платформасы. Ондағы кірістірілген чат-бот арқылы презентацияны немесе оның элементтерін тез дайындап, өңдеуге болады. Бұл оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге итермелейді.
         Қорытындылай келе, бүгінгі таңда жасанды интеллект көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Кейде «Адамзат үшін оның қаупі қандай?», «Еңбек нарығында өзгерістер бола ма?» деген сұрақтар ойға оралады. Дегенмен, заман ағымына сай біз оның қажетті, пайдалы тұстарын дұрыс пайдаланып, ұлт ретінде ілгері басуымыз қажет. Ақпараттық технологиялар дәуірінде барынша сауатты болуға ұмтылуымыз керек. Технология қарқынды дамып келеді, сондықтан педагогтер өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыруы тиіс деп санаймын.
Серик АРЫСТАНОВ,
Я.Есенбеков атындағы №59 ЖББМ директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...