Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТУҒАН ТОПЫРАҚТА ҰЛЫҚТАЛҒАН ӨНЕР ТАРЛАНЫ: МӘДЕНИЕТ ЕШЕКЕЕВКЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТУҒАН ТОПЫРАҚТА ҰЛЫҚТАЛҒАН ӨНЕР ТАРЛАНЫ: МӘДЕНИЕТ ЕШЕКЕЕВКЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ

ТУҒАН ТОПЫРАҚТА ҰЛЫҚТАЛҒАН ӨНЕР ТАРЛАНЫ: МӘДЕНИЕТ ЕШЕКЕЕВКЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ

        Абай облысында дәстүрлі ән өнері жаңғырып, ел руханиятының арнасы кеңейді. Қазақстанның халық әртісі, әнші Мәдениет Сейітжанұлы Ешекеевтің шығармашылығына арналған республикалық байқау — ұлт өнерін ұлықтаудың үлгісіне айналды.
       2024 жылдың 17 – 18 мамыр күндері Абай облысы, Бородулиха ауданында «Қазақтың дара дарыны» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Іс-шараны Облыстық «Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ұйымдастырды. Бұл байқау — халқымыздың асыл мұрасы саналатын дәстүрлі ән өнерін дәріптеу мақсатында қолға алынған ауқымды мәдени шара.
      Өнерге тағзым — ұрпаққа аманат
       Байқау көрнекті өнер иесі, Қазақстанның Халық әртісі Мәдениет Ешекеевтің рухына тағзым ретінде ұйымдастырылған болатын. Оның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы – қазақ ән өнерінің алтын қорына қосылған асыл дүние. Мәдениет Сейітжанұлы «Абайдың ән мектебін» насихаттаушы, ұлттық орындаушылық өнердің дара өкілі ретінде ел есінде мәңгі қалды.
        Өнер бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық жас өнерпаз — әнші қатысып, өзара өнер бәсекесіне түсіп, бақ сынады. Қатысушылардың дені Астана, Алматы, Көкшетау, Балқаш қалаларынан, сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарынан келді. Олардың жасы 18 бен 35 жас аралығын қамтыды.
          Әділқазылар алқасы – өнер майталмандары
         Байқауға қазылық еткен өнер тарландары қатарында: Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіманов және дәстүрлі ән өнерінің білікті мамандарынан құралды. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, дауыс мүмкіндігіне, сахна мәдениетіне және ұлттық нақышта дәстүрлі әнді жеткізе алу қабілет — дарынына баса назар аударды.
         Бірінші кезеңде 24 үміткер бақ сынап, қазылар шешімімен екінші кезеңге 15 әнші өтті. Бұл – байқаудың әділетті әрі жоғары талапқа сай өткенінің айғағы.
          Рухани мұра – тарих қойнауында жақұттай жарқырайды
         Байқау аясында иәнші, ұстаз Мәдениет Ешекеевтің шығармашылық өміріне арналған «Бүлкілдер әнге салса көмекейі» аталған кесек болмысты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл жинақта, әншінің өнердегі ізгі жолы, елге сіңірген ерен еңбегі және һас орындаушылық ерекшелігі тереңінен мәдени және рухани тыныста баяндалған. Кітап – кейінгі ұрпаққа көкжиек танытар — жұлдызды — бағдар болатын құнды дүние.
       Қорытынды және Марапат
          Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Алайда, бұл шараның басты құндылығы – ұлттық өнердің ұлықталуы мен оны заманауи бүгінгі жас буынға жеткізу тұрғысында алтынкөпір жолдың жалғасуы.
         Ұлттық өнер – ұрпақ жадында
         «Қазақтың дара дарыны» байқауы – дәстүрлі ән өнеріне серпін берген, ұлттық болмысты жаңғыртқан маңызды мәдени оқиға есебінде айтарлықтай есте қалды. Аталмыш шарадан түйгеніміз: ұлт өнері жаңа дәуір белесіне бет түзеп, көнекөз тарих пен жасампаз бүгінді жалғайтын алтын арқау екендігіне көзіміз жеткендей болды.
          Мұндай бастамалар – тек өнердің ғана емес, ұлттық рух пен тарихи жадымыздың сақталуына негіз болатыны айқын да анық. Ендеше, «Қазақтың дара дарыны» – бүгінгі өнерпаздарға жол көрсеткен шамшырақ, болашақ буынға аманат болмақ.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы,
Абай облысы, Бородулиха ауданының   «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...