Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СЕРІК МАМЫТОВ СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ХАЛЫҚ ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЕРІК МАМЫТОВ СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ХАЛЫҚ ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ

СЕРІК МАМЫТОВ СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ХАЛЫҚ ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ

          Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындармен өткен есептік кездесулер мен жеке қабылдауларда көтерілген ауыз су және санитарлық тазалық мәселелеріне байланысты бірқатар елді мекендерді аралап, ауыз су нысандарының жағдайымен танысты. Аудан басшысы бұл сапарында ауыл ақсақалдарымен де кездесіп, халықтың талап-тілегін назарға алды.
         Аудан әкімінің жұмыс сапары алдымен «Жаңа ауыл» ауылдық округінен басталды. Мұнда орналасқан «Атақоныс», «Жаңа ауыл», «Қарой» және «Ынтымақ» елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын жобаларды «Компания Арай-НС» ЖШС іске асыруда. Мердігер мекеме өкілдері жұмыстардың өндірістік кестеге сәйкес жүріп жатқанын және белгіленген мерзімде толық аяқталатынын мәлімдеді.
         Сапар барысында аудан басшысы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты, Құрбан ата елді мекеніндегі жаңадан пайдалануға берілген ауыз су нысанында да болды. Құны 481 млн. теңге болатын бұл нысанды «Exclusive Stroy Corporation» ЖШС салған. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін анықталған кемшіліктер мердігер тарапынан қалпына келтірілген.
        Сондай-ақ, аудан әкімі Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты «Байдала» елді мекеніне де ат басын бұрып, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Жергілікті тұрғындар ауыз су сапасына қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтып, өз ұсыныстарын жеткізді.
         Аудан әкімі Серік Үсенұлы «Халықтың талап-тілегі — біздің жұмысымыздың басты бағдары. Әрбір сын орынды айтылса — нәтиже беруге тиіс. Мәселенің жайын көзбен көріп, жауаптылармен бірлесе отырып шешу — жүйелі жұмыстың көрінісі», — деп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.
Өз тілшімізден. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...