Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

            Бүгінгі таңда, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі күн санап артып келеді. Бұл – бір күнде емес, жылдар бойы үздіксіз еңбек пен ұлтжандылықтың нәтижесі. Қазақша телерадиолар, интернеттегі блогтар мен подкасттар саны күрт көбейіп, қазақ тілді сапалы контент ұсыныла бастады. Бұрын-соңды тек орысша немесе шетел тілдерінде ұсынылатын контенттерді қазір қазақ тілінде де көруге, тыңдауға мүмкіндік бар. Бұл – тілдің дамуындағы үлкен жетістік. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі телехикаялар мен фильмдер көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда. Бұл үрдіс көрермендердің ана тіліне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, ұлттық мәдениет пен отандық өнердің дамуына да жол ашып отыр.
          Соңғы жылдары жастар арасында ана тілінде сөйлеу сәнге айналды. Әсіресе, TikTok, YouTube, Instagram сынды платформаларда қазақ тілінде контент жасап жүрген жастардың саны артты. Олар өз аудиториясына қазақша еркін ой айтып, заманауи тақырыптарды тілімізде талқылап жүр. Мұның өзі – тілді жандандырудың ең тиімді жолдарының бірі. Себебі, қазіргі жастар не көрсе – соны үйренеді, не тыңдаса – соған ұмтылады. Осы бағыттағы сапалы контент тілге деген сүйіспеншілікті оятып, оны күнделікті қолданысқа енгізуге сеп болып отырғанын да байқаймыз.
           Көшеде де қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың саны артып келе жатқаны байқалады. Бұрын көпшілік орындарда, қоғамдық көлікте немесе дүкенде өзге тілде сөйлесетіндер басым болса, қазір керісінше жағдай өзгеріп келеді. Әсіресе, жастар арасында ана тілінде сөйлеп, пікір алмасу қалыпты жағдайға айналды. Бұл – тілге деген құрметтің, ұлттық сана — сезімнің өскенінің белгісі. Бұған қоса, өзге ұлт өкілдерінің де қазақ тілін үйренуге деген ынтасы жоғарылап келеді. Бұл – еліміздегі тіл саясатының нәтижесі ғана емес, сонымен бірге қазақ тілінің тартымды, бай әрі көркем тіл екендігінің жарқын дәлелі.
         Қазақ тілінің дамуы – баршамызға ортақ парыз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру әрбір азаматтың жүрек қалауымен, ниетімен, нақты әрекетімен жүзеге асады. Қазақ тілін тек білім ордаларында емес, тұрмыстық ортада, жұмыс барысында, мемлекеттік қызметте кеңінен қолдану – оны шын мәнінде дамытудың басты жолы. Ана тілімізді күнделікті өмірде пайдалану арқылы біз оны шынайы тіршілік тіліне айналдыра аламыз.
          Тілімізді қадірлеп, құрметтеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткізу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Егер, біз, өз ана тілімізде сөйлеп, оны мақтан тұтсақ, болашақта қазақ тілі тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де мойындалатын тілге айналуы әбден мүмкін. Бұл – арман емес, нақты мақсат. Оған жету үшін әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы қажет деп білемін.
          «Тіл – ұлттың жаны». Тілі жоғалған ұлт – рухани тірегінен айырылады. Сондықтан, қазақ тілінің болашағы – біздің бүгінгі іс-әрекетімізге, тілімізге деген көзқарасымызға тікелей байланысты.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы,
Абай облысы, Бородулиха ауданының «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...