Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
Қазақ тілін үйретудің жаңа кезеңі: заманауи оқу құралдары - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Қазақ тілін үйретудің жаңа кезеңі: заманауи оқу құралдары

Қазақ тілін үйретудің жаңа кезеңі: заманауи оқу құралдары

        Қазақ тілін меңгеруге сұраныс артып келеді. Бұл бағытта тиімді әдістер мен сапалы оқу құралдарының маңызы зор. Осы мақсатта Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлеріне арналған лексика-грамматикалық минимум (ЛГМ) әзірлеп, жаңа оқу құралдарын жарыққа шығарды. Бұл әдістемелік өнім халықаралық CEFR стандарттарына сәйкес жасалып, тіл үйренушілерге қазақ тілін жүйелі меңгеруге көмектеседі.
       Жаңа оқу құралдары және олардың маңызы:  ЛГМ – қазақ тілін тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым арқылы кешенді үйрететін әдістеме. Әр деңгейге арналған белсенді сөздер мен грамматикалық құрылымдар күнделікті қарым-қатынасқа бейімделген.
        Жаңа оқу құралдары қатарында:  «Қазақ тілі. А1 қарапайым деңгей» (А.Қ. Балабеков, С.Е.Мұсабекова). «Қазақ тілі. А2 базалық деңгей» (Л.М. Демесінова, А.М. Қалиева). «Сөз және сөйлеу мәдениеті» (С1 деңгейі) (Ж.Ерекешова, Ш.Қайбрахман, А.Орынбаева). «Қазақ халқының өнегелік салт-дәстүрлері» (Э.Масагутова, У.Ахметжанова). «Тілдерді оқытуға арналған платформалар» (О.Қойчибеков, М.Қуандық)
Бұл оқулықтар 2025 жылдың 24 қаңтарында Ұлттық академиялық кітапханада таныстырылып, еліміздің түрлі оқу орталықтарына таратылып, Бородулиха ауданындағы жаңа серпін әкелді десек те болады.
        Бородулиха ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» осы заманауи оқулықтарды қабылдап, мемлекеттік тілді үйретуде белсенді қолдануда. Орталық директоры Атаева Мейрамгүл Балабайқызы қазақ тілінің болашағы туралы өз ойын білдірді:
         «Қазақ тілі – ұлттың рухани өзегі. Мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Заманауи оқу құралдары тілді үйренуді жеңілдетіп, оның дамуына тың серпін береді. Біз осы бастаманы қолдай отырып, сапалы білім беруді жалғастырамыз. Қазақ тілінің мәртебесі асқақтай берсін!»
         Қазақ тілін меңгеруге арналған жаңа құралдар мен әдістемелер оның қоғамдағы қолданысын кеңейтіп, болашақ ұрпақтың тілді толық игеруіне жол ашады.
       Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі!
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...