Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
SMART-ПЕДАГОГ: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » SMART-ПЕДАГОГ: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

SMART-ПЕДАГОГ: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        Білім беру саласы үнемі дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Осыған орай, мектебімізде «SMART-педагог деген кім?» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  М.Ебеков коучинг сабақты алғашқы болып өтті. Бұл шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи оқыту әдістерімен таныстыруға бағытталды.

        Осы коучинг-сабақ педагогтерге жаңа білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынды. Себебі, SMART-педагогика – қазіргі заман мұғалімдерінің басты бағытына айналып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге көмектесетіні сөзсіз. Коучинг-сабақ барысында мұғалімдер, SMART-педагогтың негізгі ерекшеліктерін талқылап, оның қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлін қарастырды. Ол – жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытатын маман болып табылады. Мұндай педагог тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды өз бетінше білім алуға ынталандырады.
       Шара барысында қатысушылар инновациялық оқыту әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Интерактивті тапсырмалар мен практикалық жаттығулар мұғалімдердің сабақ үрдісінде цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесті. Сонымен қатар, қатысушылар бірлескен жұмыс арқылы жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби дамуға жаңа серпін алды.
        Мен осы жобаға жетекшілік етуші мектеп координаторы ретінде осы «SMART педагог» жобасына жетекшілік етудемін. Өз ісінің білікті маманы әрі жаңашыл педагог ретінде білім беру жүйесінде заманауи технологияларды қолдану — қазіргі заманның басты талаптарының бірі екенін жақсы білемін. Осы бағытта Қазақстанның мектептері цифрлық білім беруді дамытып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуда. Себебі, бұл жоба оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи білім берудің тиімді әдістерін енгізуге бағытталған.
         «SMART педагог» жобасының мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалануды үйрету. Бұл жоба аясында мұғалімдер цифрлық платформаларды қолдануды, инновациялық оқыту әдістерін меңгеріп, оқушыларға интерактивті әрі қызықты сабақтар өткізуге мүмкіндік алады. «SMART педагог» жобасы білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
        Біз оқыту процесінде технологиялық құралдарды белсенді қолдануды үйрендік. Жоба мұғалімдерге тек цифрлық дағдыларды үйретіп қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін де арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар да бұл өзгерістерді оң қабылдап, оқу үрдісіне белсенді қатысуда. Осы білімдерді нықтау мақсатында менің жетекшілігіммен мектепте бірнеше маңызды шаралар ұйымдастырылып, педагогтардың жаңа форматтағы оқыту әдістерін тез меңгеруіне ықпал етуші арнайы тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізілді.
Нигора НУРМАТОВА,
“М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ” КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...