Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда біздің – «Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
         Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларымыздың бойында қамқорлық сезімдерін ояту, оларды игі істер жасауға дағдыландыру. Қажеттілік туындағанда бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету болды.
          Біздің осы  жәрмеңкемізге 1-9 сыныптардың  оқушылары түгел дерлік қатысты. Оқушыларымыздың біреулері үйлерінен бауырсақ, бәліш, тәтті тоқаштар, құймақ, вафлилер пісіріп әкелсе, ал екіншілері түрлі сусындар: компот, шұбат, сусындар әкелді. Жәрмеңке барысында оқушыларымыз өздерінің үйден жасап әкелген заттарын жарнамалап сатты.
       Жәрмеңке мектебіміздің оқушыларына мерекелік  көңіл-күй сыйлады десе де болады. Олар құрбы-құрдастарының үйлерінен әкелген тәттілерді қуана сатып алып жатты. Осы шара олардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттырды және оларға өздері дайындап әкелген заттарына лайықты баға қою өнерін де үйретті десе де болады. Осылайша жәрмеңкеміздің пайдалы тұстары көп болды дей аламыз.
           Осы қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржылар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және де жалғызбасты ана тәрбиесіндегі оқушыларға теңдей бөліп берілді. Қайырымдылық көмек көрсетуге әрдайым дайын тұратын азаматтар да осындай сауапты істен қалыс қалмай, қолдарынан келген көмектерін көрсетті. Атап айтар болсақ, жүрегі кең азаматтар – Гарипова Нагима мен Көлбаев Әділхан  жалғызбасты ана тәрбиесіндегі Әскер Нұрдәулеттің отбасына 30 000 теңге көлемінде киім-кешекпен көмек көрсетсе, Мырзанова Насиба жылы жейде мен шалбармен қамтамасыз етті. Ал, Батырбекова Гульбахыт 10 000 теңге көлемінде қыстық аяқ киіммен көмек көрсетті.
Еркебаева Акерке Сабиткызы,
 “Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп” КММ Әлеуметтік педагогы.  
Есік қаласы, Еңбекшіқазақ  ауданы, Алматы облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...