Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді

Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді

          IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде Түркітілдес журналистер қоры мен “Шеврон” компаниясының серіктестігінде ұйымдастырылған семинар-тренингте қазақ журналистерінің қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілі үйретілді.
         Алматыдағы American Space & Makerspace Almaty орталығында республиканың барлық аймағынан келген журналистер, пиаршылар мен баспасөз хатшылары жасанды интеллектімен жақын танысуға мүмкіндік алып, тәжірибе жүзінде қолданып көрді.
         «Жасанды интеллект» тақырыбындағы тренингке қатысқан БАҚ өкілдері заманауи қосымшалар туралы мағлұмат алып, әртүрлі жасанды интеллектінің көмегі арқылы қазақ тіліндегі аудиомәтінін әлемнің кез келген тілінде сөйлетіп,  қиялындағы фотоколлажды шығарудың жолын үйренді.
         Мәселен, жасанды интеллект жазушы жылдап ойланып-толғанып жазатын роман түгілі, әннің шумақтарын бірер сағатта-ақ жазып бере салады екен. Яғни адамның қалауын білетін ЖИ жадында жиналған ақпараттарды адамдардың өзіне қажеттілікке жарайтын дүниелермен толықтырып береді. Қазір жаһан жұрты жасанды интеллектінің рахатын көріп,  өз игіліктері үшін тиімді пайдаланып жатыр. Семинар-тренингтің де мақсаты сол, қалам ұстаған қауымның ЖИ-мен жақын танысып, жұмыс барысында тиімді қолдануды үйрету.
         Алайда бұл адам миын жасанды жады алмастырады деген сөз емес. Өйткені  жасанды интеллект ақпаратты әлі де болса толық әрі сапалы етіп өңдей алмауы мүмкін.Мұндағы кез келген сапалы ақпарат математикалық модель түрінде ұсынылатынын естен шығармаған дұрыс. Сондықтан ЖИ-нің тез арада дайындап берген ақпаратын қайта тексеріп, жеті рет өлшеп алған артық етпейді. Дегенмен ЖИ ақпаратты аз уақыт ішінде есте сақтап, өңдей білуімен қабілетті . Сол үшін заманың түлкі болса, тазы болып шалудың тәсілін үйреніп, бүгінгі күннің техника тілін меңгеру кез келген салада қажетке жарайтыны анық.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

        ...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...