Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ІРІ КӨЛЕМДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ІРІ КӨЛЕМДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

ІРІ КӨЛЕМДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

          Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іскерлік форум шеңберінде құны 352 млн. АҚШ долларынан асатын 76 құжатқа қол қойылса, соның 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдер Түркістан өңіріне тиесілі болып отыр.
          Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды экономикалық және бауырластық байланыстардың маңызына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасатынын жеткізді.
         – Өзбекстан біз үшін бауырлас мемлекет. Бізді ортақ тарихымыз, тілдеріміз бен мәдениетіміз байланыстырады. Түркістан облысының Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 2023 жылы 421,9 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 253,2 млн. АҚШ доллары болса, импорт 168,7 млн. АҚШ долларына жеткен. Екі мемлекеттің басшыларының кездесуіндегі келісімге сәйкес, Түркістан өңірінде тоқыма кластерін құру, ірі қара малдың етін өңдеу, жібек кластерін құру бағытында жұмыс жүруде. Өңірде «Қазақстан-Өзбекстан» жібек кластерін құруды ұсынамыз. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске асыру бағытында біздің тарапымыздан инвестор анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сіздерді облысымыздың инвестициялық алаңдарында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз. Ауыл шаруашылығында теріні, көкөністерді, жемістер мен сүт өнімдерін өңдеу, мақта кластерін дамытуғ туризм саласында әріптестікті нығайтуды ұсынамыз. Бауырлас аймақтар арасында мәдени іс-шаралар өткізу де маңызды. Бұл шаралар екі елдің рухани-мәдени байланыстарын нығайтып, тәжірибе алмасуға оң әсер ететініне сенімдімін, – деді Дархан Сатыбалды.
       Осы экономикалық форумда Дархан Сатыбалды Ташкент және Самарқанд облыстарының басшыларымен түрлі салалар бойынша әріптестік орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Енді сауда-экономикалық, мәдени-ғылыми, гуманитарлық байланыстар бұдан сайын нығая түспек.  Сонымен бірге форум аясында екі мемлекеттің кәсіпкерлері мен осы салаға жауапты мекеме басшыларының кездесулері өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Сырдария, Бұхара, Наманган облыстары әкімдерінің орынбасарларымен әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қойды.
        Осы шара аясында Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпкерлері түрлі форматта кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізді. Түркістан облысының кәсіпкерлері балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, мақта шаруашылығы, туризм, таамышатып суару, білім салалары бойынша жалпы 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдерге қол жеткізді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...