Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

         «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 9-10-сынып оқушыларымен «Мамандығым – болашағым» тақырыбында танымдық іс-шара өткіздім. Мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда түрлі мамандық иелері болып жүрген тұлғалар қатысқан осы шараның мақсаты – білім жүйесінің басты тармағын меңгеріп, келешекке қадам басқалы отырған білім алушылардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру  болды.
         Бұл шараға қазіргі таңда өңіріміздің белгілі салаларында қызмет атқарып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мектебіміздің түлектері, осы ауылдың тумалары: Жетісай ауданының құрметті азаматы, Республикалық журналистер одағының  мүшесі  Ж.Тілеуұлы, осы мектептің ардагер ұстазы: Б.Төлеманов, Жетісай аудандық білім бөлімінің бас есепшісі: Ж.Мырзабаев, «Жаңа дала» медициналық амбулаториясының бас дәрігері:  А.Қойтанова, Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкері, мектеп инспекторы  Н.Сманов, Спорт саласының майталманы, бапкер Б.Бақтияров келді.
       Кездесу барысында қонақтарымыз өз мамандықтарының қызықты да, қиындыққа толы кезеңдерімен ой бөлісті. Мамандық таңдау себептері, мамандық таңдауға ықпал болған жағдайлары мен бала күнгі, жасөпірім шақтағы арман – тілектерінің қазіргі таңда іске асып жатқандығы туралы ойларын ортаға салды. Білім алушылардың ең қызығып қойған сұрақтары мамандық таңдауда нақты шешімді қалай қабылдау керектігі туралы болды.
         Іс-шарамызға келген қонақтар өздерінің осы алтын ұя мектептен білім алып, тәрбие мен тәлім алып шығып, өмірдің сан тарау жолдарында, биік белестерінде алған білім мен тәрбиенің пайдасын көріп «өмір мектебінде» , «өмір соқпағында» сүрінбей, керісінше, еліміздің тыныштығын сақтап, салауатты өмір салтын ұстануына, еліміздің экономикасының дамуына, білім саласының өркендеуіне үлес қосып жүргендігін өздерінің ел алдындағы өтеп жүрген борышымыз деп санайтындықтарын айтып өтті.
        Ал кездесуіміздің соңында мектеп директоры Г.Умбетаева сөз алып, кездесуге келген қонақтарға алғысын білдіріп, шәкірттерге мамандық таңдауда жаңылыспай жүрек үніне құлақ түре білу керектігі туралы пікірін білдірді.  Қорыта айтқанда ос өткізілген кездесу Абай атамыз айтқанындай әсемпаздыққа әуестенбей, өнерпаз болуды мақсат етуге жетелейтін керемет сыр-сұхбат болды деп айтсақ артық болмайды.
М.САБЫРХАНОВ,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ Кәсіби бағдар беруші маман.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...