Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА 100-ДЕН АСТАМ ТІК ДРЕНАЖ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙДА 100-ДЕН АСТАМ ТІК ДРЕНАЖ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН

ЖЕТІСАЙДА 100-ДЕН АСТАМ ТІК ДРЕНАЖ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН

     Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында «Киікбай Строй Сервис» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылысымен танысты.

Негізгі табысы мен күн көріс көзі агросектормен тікелей байланысты ауданда соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Бұл аудан аумағында орналасқан 380 дана тік дренажды ұңғымаларының 210 данасының істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен тікелей байланысты.

Аудандағы жалпы аумағы 16 010 гектар аумақта орналасқан 97 дана дренажды, нақтырағы, Мақталы ауылдық округіндегі 7932 гектар алқапты қамтитын 47 дана, Қызылқұм ауылдық округіндегі 5766 гектар алқапты қамтитын 41 дана және Абай ауылдық округінің 2312 гектар алқабын қамтитын 9 дана дренаждың құрылысын жүргізуі тиіс «Киікбай Строй Сервис» ЖШС мекемесі бүгінде 46 дана жаңа тік дренажды ұңғымаларды бұрғылаған.

Ал, суармалы жердің 35 921 гектерының 19 911 гектарына 113 дана дренаж орнатуды жоспарлап отырған «Арт-Құрылыс» ЖШС мекемесі Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округтерінен 95 дана ұңғыманы бұрғылаған.

Нұрбол Әбдісаттарұлы сала мамандарымен жүздесу барысында мемлекеттік қаржы есебінен жүзеге асып жатқан жобалардың сапасы мен өндірістік кестеге сай жүргізілуін тапсырды.

         2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Бүігде 210 дана тік дренажды ұңғыманың 141-і қалпына келтірілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...