Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ШӘКІРТІНІҢ ЖАНЫНА НҰР ҚҰЙЫП ЖҮРГЕН ҰСТАЗДАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШӘКІРТІНІҢ ЖАНЫНА НҰР ҚҰЙЫП ЖҮРГЕН ҰСТАЗДАР

ШӘКІРТІНІҢ ЖАНЫНА НҰР ҚҰЙЫП ЖҮРГЕН ҰСТАЗДАР

          Біздің мектебіміздің  қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі 2024-20025 оқу жылында алғашқы тоқсанында  жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Тоқсан басында тілдер мерекесіне қатысты онкүндікті бірлестік мүшелері орасан зор істер атқарды.  2024-2025 оқу жылының  5-15 қыркүйектері аралығында  Тілдер мерекесіне орай «Тіл-рухани қазына» тақырыбы аясында жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша  онкүндік іс-шара өткізілді.
           Алаш қайраткері, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармаларын жатқа оқуға арналған челленджді  мектеп оқушылары жақсы көңіл-күймен қабыл алды.Түрлі шығармаларынан челлендждер түсіріп, мектептің әлуметтік парақшасына жариялады. 8-11 сынып оқушылары арасында «Үздіктен үйрен»  тақырыбында  қазақ тілі мен әдебиеті әні мұғалімі Д.Усербаева «Дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өздерінің тілге құрметі,  үздік болудың мағыздылығын, ана тілін білу- адамның ең бірінші міндеті екенін айтып өтті. 8-10 сынып оқушыларымен Ақын, қолбасшы М.Өтемісұлының туғанына 220 жылдығына орай «Аз сөйлер де көп тыңдар, Хас асылдың баласы»  тақырыбында эссе байқауы болды. Эсселер жинақталып , тексеріліп, үздіктер анықталды. «Ж.Аймауытов  педагогикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтардың көрінісі» тақырыбында педагогтер арасында С.Шорабекова  дөңгелек үстел өтті. Қатысқан мұғалімдер Ж.Аймауытов  педагогикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтар жайлы қосымша ақпараттар айтты. Әр мұғалімге мектепте оқушылармен болатын жағдаяттық тапсырмалар беріп, сол жағдаяттан қалай шығатыны жайлы айтылды. Дөңгелек үстел соңында қатысқан барлық мұғалімдерге марапаттар ұсынылды. 9-10 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Мамытова  «Мен көп тіл білемін» үш тілде полиглогтар байқауын ұйымдастырды. Байқау барысында оқушылар өте белсендлік танытып, байқау тартысты өтті. Үздіктер анықталып, марапатталды. Жатқа мәнерлеп өлең оқу сайысы 5-7 сынып оқушылары «Тілім менің -тірлігімнің айғағы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Икрамова өтті. Оқушылардың белсенділігі бағаланып, марапатталды.
       «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» мақала жазу сайысы  8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Оқушылар өз шеберліктерін көрсетті. 11 сынып оқушысы Жақсылық Алматтың мақаласы үздік мақала атанды.
        Ал 13 қыркүйек күні  «Тіл-рухани қазына» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Г.Джолтаева  оқушылармен үш тілде  өлеңдер оқытып,  тартысты тапсырмалар беріп, онкүндік іс-шара қорытындыланды.
        «Махамбет оқуларына» оқушыларымыз Махамбет жарларын жаттап байқауға қатысты.  «Ауыл олимпиадасына» оқушылар аудандық кезеңіне – қатысып, оның ішінде 10 сынып оқушылары Журабай Қарақат және Сәбит Гүлназ есімді оқушымыз облыстық кезеңге өтті. Сонымен қатар, 9-11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадасы өткізіліп, жүзден жүйрік болған оқушылар өңірлік кезеңге қатысты. Өңірлік кезеңнен аудандық кезеңге 9 сынып оқушысы Лес Балауса өтті.
         Бірлестік  ұжымы әрқашан да өткізілетін  іс-шараларға аянбай ат салысып, белсенділік танытып, мектептің білім сапасына өз үлестерін қосуда.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып  жүреген  ұстаздарымызға өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке, бірлік тілейміз.
Р.МАМЫТОВА,
М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, ӘБ жетекшісі. Жетісай ауданы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...