Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

       Аудан әкімдігінің  аппаратында, өңіріміз үшін маңызды науқан – мақта терімді сапалы ұйымдастыру бойынша арнайы жиын болып өтті.
        Аудан басшысы Бақыт Насырханұлы төрағалығымен өткен бұл жиынға – аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен мамандары, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округ әкімдері және мақта өңдеу зауыттарының басшылары қатысты.
        Биылғы жылы ауданымызда барлығы 60,6 мың гектар егістік жерге түрлі дақылдар егілген болса, оның 33,6 мың гектарына мақта шиті себілді. Қазігі таңда диқандарымыз мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, дефоляция жұмыстарын жүргізіп, мақта жинау науқанын бастағалы тұр.
        Жиында аудан басшысы: «Аудан бойынша қазіргі таңда 350 гектар мақталық алқапқа дефоляция жұмыстары жүргізілген. Шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл жұмыстарды тездету керек. Мақта жинау техникалары, мақта зауыттары мен мақта қабылдау бекеттері науқанға толық дайын тұр. Күзгі жиын-терім науқанын сәтті өткізу — бәріміздің ортақ міндетіміз!» — деп, залдағыларға науқаннның маңыздылығын түсіндіріп өтті. Ал сөзге шыққан мамандар осы жиын барысында мақта қабылдау бекеттеріндегі таразы, лаборатория мәселелері, шаруалармен келісім-шарттарды рәсімдеу және мақта теріміне қатысатын комбайндардың мәселесі, жалпы жиын-терімге қатысты барлық мәселелерді талқылады.
        Бүгінгі таңда мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Жалпы алғанда биылғы жылы ауданымыз бойынша мақта теріміне 700-ден астам доңғалақты  трактор, 900-ге жуық тіркеме және 200-ден астам мақта терім машинасы қатысады деп күтілуде. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теруді 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
         Айта кетерлігі, қазіргі күні  ауданымызда мақта өңдейтін 7 зауыт және 55-ке жуық мақта қабылдау бекеттері шаруаларға қызмет көрсету үшін жиын-терім науқанына толық дайын тұр деп есептелуде.
С.ҚУАНЫШБЕК, Мақтаарал ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...