Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

АУДАННЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

         Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудандарды дамыту мақсатында қолға алған ауқымды бағдарламаларын тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында да ілкімді істер жүзеге асырылуда. Күн санап ілгерілеген аудан экономикасымен қатар аудан аумағындағы автомобиль жолдары да талапқа сай жаңартылуда.
        Елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында биылғы жылы Ұлттық қор мен облыстық, жергілікті бюджеттерден 1 млрд 821 млн теңге бағытталған.
         Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдардамасы аясында республикалық және облыстық қазынадан қаралған 1 млрд 282 млн 841 мың теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат, Сәтпаев, Ералиев, Ынтымақ елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 42,1 шақырымды құрайтын 50 көше, жергілікті бюджеттен бөлінген 539 млн теңгеге Жетісай қаласы мен Атамекен, Абай елді мекендеріндегі 17,17 шақырымды құрайтын 15 көше асфальтталады. Одан бөлек, 55,8 млн теңгеге жалпы ұзындығы 8,44 шақырымды құрайтын 15 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі.
          «Жол – әрбір адамның күре тамыры. Аудан тұрғындары мен қонақтарын сапалы, қауіпсіз жолдармен, инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз. Біз бірінші кезекте аудан бысшысының тапсырмасына сәйкес аса қажетті деген республикалық, облыстық, аудандық және ішкі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Ауданның барлық көшелеріне рет-ретімен алдағы уақытта жоспарға сай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады» дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Өмірұлы Мамбетов.
          Өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджеті есебінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізсе, биылғы жылы аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырым тағы 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
         Бүгінде жөнделіп жатқан көшелердің қатарында көп жылдардан бері жөндеуді қажет етіп келген Амангелді көшесі де бар. Қаладағы жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздардың 2,8 шақырым жолы, 3,6 шақырым арық-атызы дәл осы көшеге тиесілі.
         «Соңғы 30 жылға жуық уақытта Амангелді көшесінің жөнделгенін көрген емеспін. Ой-шұқырының көптігінен көлік жүргізушілері де әбден қиындық көрген. Енді міне, асфальт төселіп, жол жөнделіп жатыр. Аудан әкімінің өзі де жұмыстың сапасын тексеріп бірнеше рет келді, арық-атыздардың ашылуына көп жұмыс жүргізді. Ризашылығымызды білдіреміз» дейді қала тұрғыны Артықбай Бегімқұлұлы.
          Сонымен қатар, 101,4 млн теңгеге жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын 8 көшеге аяқ жол салынса, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар КХ-75, КХ-117, КХ-27, КХ-86, КХ-96 автомобиль жолдары бойындағы білім беру ұйымдарының жол бойларына 23 стандартқа сай жаяу жүргінші өткелдерін таңбалау жұмыстары жүргізілген. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелеріне стандартқа сай жасанды жол кедергілері, қажетті жерлерге 60-тан астам жол белгілерін орнату жұмыстары да жүргізілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...