Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ» 1 ЖЫЛДА 67 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНГЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ» 1 ЖЫЛДА 67 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНГЕН

«ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ» 1 ЖЫЛДА 67 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНГЕН

            Ұлттық спортты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың тиімді әрі нәтижелі жолы. Тарихи сана қалыптаспайынша мемлекетшілдік сананың орнықпайтынын, ал, тарихи сананың тұғыры ұлттық болмыстан бастау алатынын жақсы білетін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың қолдауымен бүгінде «Ұлттық спорт клубы» мекемесі жұмыс жүргізіп келеді.
          Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты клубта спорттың көкпар, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды түрлерімен 18 жасқа дейін және 18 жастан асқан азаматтардан құралған 25 топта 350 тұлға тұрақты түрде шұғылдануда. Өткен жылдың басында жұмысын бастаған клубта 13 бапкер бар.
           «Қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар ғана шайқаста жеңіске жеткені, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырғаны тарихтан белгілі. Яғни, шайқас кезінде жауынгерлер қолданған әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде дамытып келеміз.
Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатымызды сақтай отырып бет бұруды, сонау ерте заманнан бері қазақтың тарихымен біте қайнасып, заманына қарай жаңғырып, дамып, толықтырылып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ұлықтауды, насихаттауды барынша қолға алып келеміз» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов.
           Аталмыш клуб ашылғалы бері Қырғызстан Республикасы Президентңнің кубогына арналған Халықаралық турнир мен облыстық «NOMADS CUP» ұлттық ойындар чемпионаты, Түркістан облысы 5 жыл толуына орай ересектер арасында өткен Түркістан облысының спартакиядасы сынды байрақты бәсекелерге қатысып, Азия ойындары мен Халықаралық, Республикалық және облыстық жарыстарда, түрлі деңгейдегі ашық біріншіліктерде 25 алтын, 23 күміс пен 19 қола медаль иеленген.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...