Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КИБЕРСПОРТТАН ТУРНИР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КИБЕРСПОРТТАН ТУРНИР ӨТТІ

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КИБЕРСПОРТТАН ТУРНИР ӨТТІ

         Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті.
        Алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан киберспорт түрін дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.
        Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан, волейболдан сонымен қатар үстел теннисінен турнир өткен болатын.
       Турнирде жастар футбол «ФИФА-2024» түрінен додаға түсті..
      Сайысқа түскен жастар арасында ұсыныс айтқандар да болды.
      Тәмен Ақжол:
       «Бәрінің айтатыны – Компьютер ойындары жаман. Жеке пікірім – бұндай ойдан арылу керек. Бұндай топтық ойындар  адамның ойлау қабілетін дамытады.Әрине, көпшілігіңіз келіспеулеріңіз мүмкін, болашағымыз осы компьютермен байланысты болатындығын айтқым келіп отыр.      Жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалануына, ұтымды әрекет етуге, көңілін сергітуге, сенімді қадам жасауға баулу. Және жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз!Тағы бір айтайын дегенім,жастар арасында аймақтық кейін республикалық деңгейде өткізсеңіздер деген ұсынысымыз бар.»
       Өзара бақ сынасқан турнир «Real ойын клубында» жоғары деңгейде өтті.
       Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.
       «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен киберспорт турнирінің қортындысы бойынша, жеңімпаз Жәнібек Кенжебайұлына кубокпен 250 мың теңгенің, екінші орын алған Асылбай Ерланға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Ержан Нұржанға және Файзулла Дидарға 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.
         Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.
       Жарысқа қатысушылар турнирден жақсы әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Назира БУРХАНОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...