Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АБАЙ ХАКІМ - ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ТУҒАН ХАЛҚЫН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ХАКІМ — ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ТУҒАН ХАЛҚЫН

АБАЙ ХАКІМ — ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ТУҒАН ХАЛҚЫН

            «Абай деген – терең теңіз, алып  мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».                 
 (Мұхтар Әуезов).
          Тамыздың 10 күні — күллі қалың елі қазағына, Алты Алашқа әм жүмле әлемге есімі мәшһүр Хакім Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн – 2020 жылдан бастап «Абай күні» мерекесіне айналды.
        Қарт Шыңғыстың бауырында, Сырт Қасқабұлақта дүниеге келген Абай бар қазақ руханиятының темірқазығы, қазақтың бойтұмары мен бетке ұстары, қазақ даналығы мен қазақ ойшылдығының бірегей символы, барымыз да, арымыз да — хакім Абай. Ол — ұлы қазақ ақыны, философ, композитор, ойшыл, кемеңгер тұлға.
          Ақыл ойдың алып ақыны — Абай Құнанбайұлының туған күніне  орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін даналар мекені Семей өлкесінде және де бүткіл  ел ішінде түрлі іс- шаралар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Парасатты өлеңдерінен, тұңғиық жұмбаққа толы Қарасөздерін жұртшылық жатқа оқып, өзара эстафета жолдауда. Бұл — ел  санасының  қайта түлеуі, байып  жаңғыруы.
         Осынау қалың қара қазақтың дана да дара жазушысы, өмірінің көп бөлігін хакім Абайды зерттеуге арнаған, біздің кез келгенімізге қарағанда Абайды жақсы білетін Мұхтар Әуезовтің  өзі, «терең теңіз, алып мұхиттың» бетін ғана қалқыса, сіз және біз сол теңіздің қай жеріндеміз?!
       Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған өсиеттері, ақыл кеңестері баға жетпес мұра. Қырық бес қара сөзінің өзінде бірнеше мәселені көтеріп және шешімін бағдарлай білген. Терең ойшылдығымен алысты болжай білген кемеңгер кемел жан.
         Абай – гуманист ақын, тағылымды ұлт ұстазы ретінде  ұдайы өз халқын қолдап,  халықты надандық пен арсыздыққа қарсы күресуге шақырғанын жазған шығармасынан оқып  білеміз.
            Жастар  үшін ең бастысы ОҚУДЫ, ЕҢБЕКТЕ өзін жетілдіруді ойлады. Қазіргі қоғамның басты проблемаларын масылдық пен мақтаныштан көрді. Адамгершілік пен даналықтың негізін МАХАББАТ пен ӘДІЛДІК деп есептеген. Қоғамдық құрылымда Абай Құнанбайұлы демократиялық өзгерістердің жақтаушысы болды: заңдар халық мүддесі үшін қабылдануы тиіс деп санады. Қоғамда теңдік, өз пікірін білдіру еркіндігі орнатылуы тиіс. Әсіресе, лауазымды тұлғалардың: парақорлық, алдау, билікті теріс пайдаланудың кемшіліктерін айыптады. Әйелдер мен ерлердің тең құқықтарының жақтаушысы болған, әйелдердің білім алуын жақтаған.
               Хакім Абайдың  шығармашылығы барлық уақытта да өзекті, себебі ол қозғайтын мәселелер қазіргі уақытта да өзекті, ойлы.   Уақыт өткен сайын хакім Абай әлемінің жаңа қырлары, тарихи портреті, және де Алаштықтармен еліміздегі Абайтанушы ғалымдардың танымындағы ақын болмысы сынды өзекті мәселелер зерделене түсері хақ.
          Абай күні құтты болсын, ағайын!
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы,
Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағының» төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...