Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТІЛ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТІЛ — ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

ТІЛ — ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

          Жуырда өткен «Тіл- ұлт байлығы,ел қазынасы» онкүндік іс-шарасының жоспарына сәйкес 5 және 6 сыныптар арасында  «Язык — богатство народа»  тақырыбында орыс тілі пәнінен сайыс сабағы өткізілді.
          Сайыс сабағы оқушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, оқушылардың ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту, орыс тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға күш салдық.
        Осы сабақ барысында «Білгенге маржан», «Жеті жұрттың тілін біл», «Білсең, тауып көр» атты әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылар орыс және қазақ тілдерінің арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына тағы бір рет көз жеткізе білді.
         Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге, оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын, мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жеткізуші қызметін атқаратындығы оқушыларға түсіндірілді.
        Сайыс сабақтың қорытынды бөлімінде белсенді қатысқан оқушылардың білімі бағаланып, марапаттауға ұсынылды.
Мадине МЫРЗАЛИЕВА,
Қажымұқан атындағы №11 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...