Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СЫРЫМДА 4 МЕДИЦИНА КӨЛІГІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » СЫРЫМДА 4 МЕДИЦИНА КӨЛІГІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

СЫРЫМДА 4 МЕДИЦИНА КӨЛІГІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ұлт денсаулығы жақсы болса, қоғамның орнықты дамитынын баяндап, медицина саласында қордаланған мәселелерді шешуге аса мән берген еді. Осыған орай денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат жылдан-жылға көбейіп келеді.
        Ауданымызды медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан барынша жабдықтау, шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауданға 94 млн теңге қаражат бөлініп, сол бөлінген қаражат көлеміне 4 санитарлық автокөлік алынды.

        Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов 4 автокөліктің екеуін аудандық ауруханаға және Алғабас, Елтай ауылдық округтеріне медицина көлігінің кілтін табыс етті.

-Биылғы 2024 жылымызды игі істермен бастағалы отырмыз. Ауданымыздың денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жаңадан жедел жәрдем автокөліктері табыстамақпыз. Ауданымызда барлығы 18 жедел жәрдем автокөлігі болса, соның 90%-ының тозығы жеткен.   “Соболь” маркалы жедел жәрдем автокөліктері жол талғамайды, іші алғашқы көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартады деген сөз. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жедел жәрдем автокөліктері ауыр хәлдегі науқастарды аудан орталығына жеткізуге үлкен көмек көрсетеді. Пайдалануға берілгелі тұрған автокөліктер ел игілігіне қызмет етіп, аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, ауданымыздың медицина саласы дами берсін. Ауданымыздың медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі жаңа жедел жәрдем автокөлігінің табысталуымен құттықтаймын. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!,- деді аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы.

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
 Сырым ауданы, БҚО.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...