Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
КЛАСТЕРЛІК СЕМИНАР ӨТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КЛАСТЕРЛІК СЕМИНАР ӨТЕДІ

КЛАСТЕРЛІК СЕМИНАР ӨТЕДІ

        Архив – бұл өткен, қазіргі және болашақтың байланысы. Архивтің арқасында уақыт байланысы, мәдениет пен қоғамдық өмірдің даму тарихы сақталады. Архив-тарихи шежіре қоймасы ғана емес, сонымен қоса әрбір ұлт тарихының қазынасы. Ата-бабаларымыздың тарихын ғана емес, олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен үлгі-өнеге өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын. Қазақстан архивтерінің мемлекет тарихының қалыптасудағы рөлі өте зор.
         Қазіргі таңда Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде – Мырзашөл мен Қызылқұм өңірінің тарихи деректері, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады, сақталады.
        Атқарушы органдар мен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі жүргізіліп жатқан іс-қағаздар, істерді жүйелеу, олардың мемлекеттік архивке түскенге дейінгі сақталу тәртібіне архивтің толықтыру көзінің тізіміне енген мекеме қызметкерлеріне тәжірибелік-әдістемелік көмектер көрсетеді. Осы мақсатта жыл сайын оқу-семинарлар ұйымдастырып тұрады.
         2023 жылдың 27 желтоқсанында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ғимаратында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен кластерлік семинар (кустовый семинар) өткізу жоспарлануда. Семинарды комитеттің мамандары өткізеді, жиын барысында  іс-жүргізу, құжаттардың ведомствалық архивте сақталуы, «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (Е-архив) ақпараттық жүйесін жүйелеу, сонымен қатар тәжірибе алмасу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
        Ауданымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің іс-жүргізу мен құжаттардың сақталуына жауапты мамандары семинарға қатысамыз деп ниет білдіріп отырса 87027200252 телефон номеріне хабарласуларыңызға болады.
Ахмет ШҮКІРХАН,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы, Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...