Home » PRESS RELEASE » ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

          Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың даму жолын, болмысын, арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын сақтайтын киелі орын.
         Тәуелсіз ел атанып, етек-жеңімізді жиған уақытта осыдан тура 25 жыл алдын 1998 жылы 22 желтоқсанда «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң қабылданған болатын. Бұл ел игілігіндегі құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, асыл мұраларды болашақұрпаққа қаз-қалпында жеткізілуі, әрі зерттелуі үшін жасалған маңызды қадам болды. Заң 7 тараудан тұрады, жалпы ережелерден бастап Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру сынды негізгі мәселелерді қамтыған. Сонымен қатар Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану, архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару, Халықаралық ынтымақтастық жөнінде де айтылған. 2020 жылы тарих сақтаушыларының еңбегі еленіп, Үкіметтің қаулысымен 22 желтоқсан «Архившілер күні» деп бекітілді.  «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, 48-тармақпен толықтырылған еді. Кәсіби мерекенің белгіленуі архив саласының рөлі мен беделін арттырып, архившілердің мерейін өсірді.
            Осы сәтті пайдаланып  еліміздің барлық архив саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Қиыны мен қызығы қатар жүретін архив саласындағы еңбектеріңіз берекелі болсын, жанұяларыңызға амандық бақыт, жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз. 
Ізгі ниетпен:  
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің ұжымы.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...