Home » PRESS RELEASE » News » «ЖАС ҰЛАНДАР» ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

«ЖАС ҰЛАНДАР» ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

          Семей қаласының Мәдениет сарайының сахнасында «Тәуелсіздік күніне» орай, Семей қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тағзым» қалалық жас ақындар мүшәйрасы болып өтті.
        Аталмыш дүбірлі мүшәйраға қаламыздың ЖОО – нан бастап мектеп, лицейден жалпы жиыны 14 ақын қатысып, екі айналым бойынша өзара бақ сынасты.
         Әділқазылар алқасын өңірге танымал бірқатар «ақын, ғалым, журналист, әдебиеттанушы» тұлғалар құрап, әуелі жас талап ақындардың өлеңдегі қадамдарына сәттілік тілеп, ұйымдастырушы тарапқа алғыс білдіріп, мүшәйра жайында ашық ойларын ортаға салып, әділ шешімдерін шығарып, барлық қатысушыларға түрлі бағалы сыйлықтар табыстай келе, «Орынды» дипломдармен, «Арнайы» жүлделер, «Алғыс хатпен» марапаттады.
         Мүшәйраға қатысушы үміткерлер бірінші айналымда тақырыптық «Тәуелсіздікке» арналған жырларын оқыса, ал, екінші айналымда өз шығармашылықтарынан «Еркін» тақырыптағы көркем ойлы, шабытты, астарлы жырларын кезегімен төкті.
        Арасынша, жиылған жырсүйер қауымға, киелі Семей топырағының өнер әлемінде өзіндік даралықтары айырықша
сахна саңлақтары да ерекше көңіл – күй сыйлап, сыңғырлы оркестрлік орындаушылық күй бойға асқақ сезім сыйлап, тебіреніс толқынды рухты әндер шырқалды. Сондай да бір парықта бағамдасақ, мүшәйра әлдеқайда естен кетпестей өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп-ақ тұрды.
       Қара қылды қақ жарған құрметті әділқазылардың жыр сайысының қорытындысында: Жүлде бұйырған жүлдегерлердің барлығына өз жыр еншілерін табыстады.
       Біздің лицейден қатысқан «Бес бірдей» ұлан жүлдеден құралақан қалмады. Өздерінің өрімді өлең тұңғиығымен барша жұртты таңдандыра тамсантып, жалынды жырларының көкжиегін көрсеткендей сыңай танытып бақты.
        «Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді» дегендей, «Жас Ұлан» Лицейінің 92 – топ ұланы Ерланов Әлижан 1 – орынды жеңіп алса, 91 – взвод ұланы Айдарбек Әлихан «Ербол Сыпатайұлы» атындағы арнайы жүлденің» иегері атанды. Одан өзге ұландар – 92 – топ ұландары, тағылымды жырдан оқып, тамаша өнер көрсеткендері үшін – Бекұлан Алдияр, Орынбеков Ерасыл, Ғазизов Жалғастар «Алғыс хаттармен» марапатталды.
         Бір айта кетерлігі патриоттық және лирика, ұлттық нақыштық бағыттарда жазатын ұландар жырларының өзге қатысушылардан ерекшелігі бірден басымырақ байқалды. Мысалға, «Егемен күн – елдігім», «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік рухты жыр тұғырында», «Тәуелсіздік тұмар жыры», «Ана», «Туған жер», «Семейім», «Домбыра» тақырыптарындағы жырлар.
         Барлық қатысушы жүлдегер дарынды ұландарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Өлеңде жолдары ақ болсын демекпіз. Әрқашан, осылай, тұғырлы жеңіс туын желбіретіп, дара топ жарып қуанта берсін.
          Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Ерлан Айқын,  журналист, Семейден.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...