Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТӘУ ЕТІП СҮЙГЕН БАЙРАҒЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘУ ТАҒЗЫМ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТӘУ ЕТІП СҮЙГЕН БАЙРАҒЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘУ ТАҒЗЫМ!

ТӘУ ЕТІП СҮЙГЕН БАЙРАҒЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘУ ТАҒЗЫМ!

           Қанша ақын болсын, қаншама төл перзент болсын — Тәуелсіздік ұғымы әсте қайсымызға да аса бек қымбат екені жүмле жұртқа аян.
           Күні кеше ғана, біздің оқу ордамызда бір жап — жарық кеш болды десек еш асылық айтқандық емес. Олай деуіміздің жарқын себебі, осы аталмыш Гимназияның мақтаныш Түлегі, Әдебиет майданына өзіндік ерек стильімен келген ақын, аудармашы, жас ғалым — Ерік Қайратбекұлы Омарғалиев таяу арада тарихи есімді жамылған, ескінің көзіндей сақталған, Семейдің көне кітап баспа үйі — «Жәрдем» баспасынан жарық көрген «Тәңірмен тілдесу» әлем әдебиеті аудармалары өлең кітабымен жырсүйер көпшілікпен, талапкер оқушы, ұлағат ұстаз қауымды бір реттен таныс ете келіп және орайы Тәуелсіздік мерекесі күніне тұспа — тұс келіп қалған ұлық күнге арнайы ұйымдастырылып ақын қонақ ретінде шақырылып өзінің жүрекжарды ақжарма жырларымен екінші үйі атанған оқу ордасын жыр жаңалығы мен рухани өрісті ойлар легін ағылтып тамсағаны рухымызды серпілтті де.
     Осы кеш барысында оқушылар кезек — кезегімен ақынның алғадай жырларын жосылта жатқа мәнермен оқып, алма — кезек түлек ақын жайындағы өз көкейлеріндегі сәулелі сұрақтарына тұшымды жауаптарын ала алды.
    Ақынның мектептегі бозбала шақ қызық — шыжықтарын әдебиет пәні мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы жіпке тізгендей мөлдіретіп тұрып аңыз — афсана кейіпкері еткендей әсерлі әңгіме әуезінде толғамды ойын ақтара, әрі талант шәкіртімен мақтана айтып берді. Оқушылар, ақынға алғыстарын білдіріп, кеш соңында әдеттегі кешіміздің қонағымен естелік рәсімге түсті. Ұстаз тараптан ақындық ақ жолына сәт сапар тілек іспетті «Былғары күнделік», «Әртістік қырлы» үлкендеу қалыптағы фотосуретті сыйға тартып, ақынның тебіреністі «Тәуелсіздік» және де Әлем әдебиеті аудармалары жинағының басты бетіндегі түркі тілдес Әзірбайжан халқының ақыны Аббас Сәххаттан бір үзік жыр — «Отан» тақырыбындағы толғау — жырымен… сондай рухты да тамаша салмақты арнада есте қаларлықтай аяқталды.
     «Тәуелсіздік» «Тумасынан» — »Тұлғасына» айналған, ойы тұлпардай жүйрік, сойы елге таныла бастаған ақынның тек қана алға ұмтылып, келешекке еңбек етіп, шығармашылық бөлек әлемімен бүткіл алашты қуантқаны біздерге үлкен мәртебе, бүтін бақыт риясындай болып көрінеді.
       Айтпақшы, «Тәңірмен тілдесу» әлем әдебиеті аудармалары жыр жинағы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ұсынылған көркем әдеби туынды. Ол туындысын да автор ақын өзі жақсы көрген кітапхана сөресіне қолтаңбасымен сыйлады.
     Ақынға тек өлең мен өнер жолы жарық болсын демекпіз!
Руслан КӘРІПБАЕВ, 
«Ыбырай Алтынсарин» атындағы № 37 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Семей қаласы.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...