Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ АЛАМАНДАРЫНДА ТОП ЖАРҒАН БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ АЛАМАНДАРЫНДА ТОП ЖАРҒАН БАЛАЛАР ЖАЗУШЫСЫ

         –  Орыс және қазақ тілдерінде іркілмей жазатын азын-аулақ қаламгерлердің бірі – балалар жазушысы Зауре Төре хан кезінде Таупық Рымжанов негізін салған фэнтези жанрында өзін таныта білген тәуелсіздік түлеткен төл әдебиетіміздегі саусақпен санарлық үкілеген үмітті шығармашылық тұлғалардың бірі. Автор қаламынан қазіргі кезде «Біздің сүйікті қаламыз Алматы» және «Ел жүрегі – ажарлы қала Астана»,  Айша и Невидимые соседи», «Амина Туран в стране номадов» атты кітаптар өмірге келіп, жас оқырмандар тарапынан ыстық ықыласқа ие болды. «Алтын Қалам»,  Алтын Тобылғы» ұлттық әдеби аламандарында топ жарған балалар жазушысымен болған сұхбатты әдебиет сүйер қауымының назарына ұсынып отырмыз.
             – Балалар кітабының еліміздегі нарыққа шықпай жатқанына не кедергі?
             – Соңғы жылдары балалар кітабы нарығы айтарлықтай жанданып келеді, оған себеп жаңадан ашылып жатқан кітап баспалары. Кәсіпкерлерде, қаламгерлерде кітап шығаруды қолға алып, осы салада бетбұрысты өзгерістерді жасап жүргеніне бәріміз куәміз. Отанымыздың еңірі, беделді баспаларын айтпағанда, меніңкөзімеерекшетүскендері: Steppe&World, Мазмұндама, Qasym баспа үйі, Amal books, Tentek, Zerde және тағы басқалары. Ол баспалардың барлығы өз авторын іздейді, кітаптарын басып шығаруға әзір.
          – Алайда, бәрі ойдағыдай, мәселе шешілді, ақын-жазушылар өздерінің кітабын еркін шығара алады деп айта алмаймыз. Оның себептері көп, бірақ ең негізгі екі себебін айтайын. Алдымен, қаламақының мардымсыздығы немесе мүлдем төленбеуі. Авторға қаламақы тиісті деңгейде төленбесе, ол адам қалай өмір сүреді, өзінің қажеттіліктерін қалай өтейді? Әркімнің отбасы, бала-шағасы, зейнеткерәке-шешесі бар емес пе, сол себепті көптеген талантты, ойлы, айтары бар авторлар жан бағумен айналысуға мәжбүр. «Сағат – ұрышы қырлаған», уақыт су сияқты көзді ашып жұмғанша өтеді де кетеді, жазылмай қалған кітаптар, кітап оқымаған ұрпақ өсіп-өнеді.
         – Меніңше, бұл мәселенің шешілуі үшін, екіжолбар. Бірінші, кітаптардың саудасын қыздыру керек, «Олимпбеттің» орнына кітаптың жарнамасы әрбір жерден лап етіп, халықтың көзге көріну керек. Екіншіден, теледидарда, БАҚ әнші – спортшыларға ден қоя бермей, ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы көбірек айтылу керек. Сонда, қаламгердің аты да шығады, беделі де өседі, жеке өмір туралы емес, адамзаттың, қазақтың мызғымас құндылықтарыда насихатталады.
        – Екіншіден, қаламгермен баспаның арасын дәнекерлейтін әдеби агент институтының жоқтығы. Әдеби агент белгілі бір жанр, бағытты таңдап, сол сегментте шығармаларымен көзге түскен қаламгерлердің шығармаларын оқып, өзіне авторлар пулын жинау керек. Осылайша сол авторлардың шығармаларын еліміздегі баспаларға, шетелге ұсынып, авторға қызмет етеді, ал автор өзінің гонорардан, роялтиден агентке 20% төлеп отырады. Бұл екі жаққа да пайдалы, әдеби агент менеджер ретінде өзінің нанын тауып отырады, ал қаламгер таза шығармашылықпен айналысады.
         – Ең алғашқы балаларға арнап жазған туындыңыз туралы айта кетсеңіз?
        – Менің ең тұңғыш кітабым «Әмина Тұранның көшпенділер еліне саяхаты» атты роман-фэнтезиім. Оны 2014 жылы жазып, Алтын Қалам бәйгесінің бас жүлдесін алдым. Осылайша Алматы кітап баспасының көзіне түстім. Олар меніт анысуға шықырып, нәтижесінде баспаның тапсырысы мен балаларға арналған екі деректі повесть жазып шығардым. Олардың бірі 2016 жылы шыққан «Біздің сүйікті қаламыз Алматы», екіншісі 2017 жылы шыққан «Ел жүрегі –ажарлы қала Астана». Екі кітапта үлкен таралыммен жарық көріп, халықтың көңілінен шығып, тез арада сатылып кетті. Содан соң2018 жылы «Амина Туран в стране номадов» орыс тілінде, ал 2022 жылы Steppe&World баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Урбан фэнтези жанрында жазылған «Айша және Үй пірлері» атты кітабым 2017 жылы жазылған, бірақ ол кітап, бұйырса, биыл ғана басылып шығады. «Күйе көбелектер шаһары» ертегілер топтамасы өткен жылы наурызда, ал түрік тілінде Ыстамбұл қаласында қараша айында жарық көрді. Биыл Мазмұндама баспасының тапсырысымен американың атақты Who Q («Кім? Не? Қайда?» сериясы) аясында «Санжар Асфендиаров кім?» деген кітап жарық көретін болады. Ол кітаптың шығуына көмек берген, әрі менің ғылыми кеңесшім болған белгілі тарихшы, Санжартанушы Алмас Жүнісбай мырза.
        – Қазақ балалар әдебиеті дамымай қалды деген пікірге қалай қарайсыз?
       – «Елу жылда–ел жаңа, жүз жылда– қазан» деп естіп өстік қой, сол рас екен. Осы дүниеде өзгермейтін, қатып қалған ештеңе жоқ. Отыз жылда туралап қалған балалар әдебиетінде енді-енді ғана оң өзгерістер байқалып келе жатыр, оданда жақсы болады деп сенеміз, ол үшін күшімізді де, уақытымыздыда аямауымыз керек. Сең жүрді, енді мұз құрсауын жарып, кәдімгідей жүргізіп әкету керек. Оған қаламгерлерде, баспаларда дайын, тек белсенді іс-әрекет керек. Әліптің артын бағайық!
Әбіл-Серік ӘЛІӘКБАР,
әдебиеттанушы журналист, Семей қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...