Облыс әкімдігінің апталық аппарат отырысында Жетісай және Мақтаарал аудандарының өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған аудандардағы жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары назарда тұрғанын мәлімдеді. – Ағын су мәселесі өте өзекті. Әсіресе шаруаларға су қажет болатын қазіргі кезеңде босаңсымаған жөн. Екіншіден, су нысандары уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс. Аудан басшылары ...
Read More »21 КҮНДЕ КӘСІБІН АШЫП, ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕГЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРУ
Бүгінгі қоғамда өзінің жеке кәсібін бастауға жүрексініп, бір айлыққа жегіліп жүрген жандар жетерлік. Жетісай қаласында тұратын Айсұлу Мырзабекқызы күні бүгінге дейін бір емес, бірнеше кәсіппен айналысқан жан. Жеке компанияда менеджер қызметін атқарып, одан кейін базарда сауда ісімен де айналысқан ол өзін түрлі бағытта сынап көріпті. “Отбасым үшін пісіретін құймақ, самса ...
Read More »Ш.ДІЛДӘБЕКОВТЕ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖАҢА МЕКТЕПТЕР САЛЫНЫП, АЯҚ ЖОЛДАР ТӨСЕЛІНЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Ш.Ділдәбеков ауылдық округі тұрғындарыменБірлік елді мекенінде орналасқан №42 С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында кездесу өткізді. Ашық аспан астында өткен басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен ...
Read More »Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру бойынша ең ірі Компания және барлық қаржылық көрсеткіштер бойынша сөзсіз көшбасшы болып табылады. 01.07.2022 жылғы жағдай бойынша Компания төмендегі көрсеткіштер бойынша 1-ші орында: • активтер мөлшері бойынша (252,5 млрд теңге, нарық үлесі – 30%); ...
Read More »МҰРАТ ҚАДЫРБЕК: “АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ”
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек бекітілген кестеге сәйкес кезекті кездесуін Қазыбек би ауылдық округінде өткізді. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №17 «Түркістан» жалпы орта мектебінің ауласында ...
Read More »ҰЛТТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЖЕЛІСІ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Қалдықтар мен климат», «Жайылма суару» және ECO CAR — Қазақстанның өсіп келе жатқан экологтары туралы білуіңіз қажет мәселелер. Балалар экология тақырыбындағы керемет идеяларын ортаға салып, болашақ жобаларын іске асыруға ақшалай гранттарға ие болды. 2022 жылғы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында “Шеврон” компаниясының қолдауымен “EcoJas” Ұлттық еріктілер желісі жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марал ...
Read More »МАҚТААРАЛ ХАЛҚЫ 135 347 адам
Аудан экономикасының көрсеткіші: Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-маусымында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 5651935 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 80,1 % құрады. Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-маусымында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8359,9 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ...
Read More »ЖЕТІСАЙ ЖҮЗІМДЕРІ РЕСПУБЛИКАДА ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ
Жетісай ауданы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс тіршілігі қайнап жататын өңірде шаруалар үшін еткен бейнеті ақталып, қырманның берекелі болуы бірінші орында. Аудан халқының тыныс-тіршілігі мен ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында Мұрат Болатұлы арнайы Жылы су ауылдық округінде орналасқан «Erte-Agro» ЖШС ...
Read More »ЖАЗДЫҚ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Негізінен біздің ауданымыз тұрғындарының негізгі табыс көзі егіншілікке байланысты болғандықтан, олар үшін егістіктер, бау-бақшалар, үй іргелік учаскелерді қыстық және жаздық ағынсумен қамтамасыз ету басты мәселе екені анық. Бүгінде осы ағын су жайы, нақтырақ айтқанда жаздық су –»Алмалы», «Жайлаукөл», «Шолпанқұдық», «Темір жол» елдімекендерінің шаруалары үшін күрмеуі қиын нағыз түйткілді мәселеге айналып отырғаны белгілі болды. Күзгі жиын-терімнің түсімділігі мен шаруалардың ерте көктемнен ...
Read More »ЖОҢЫШҚАНЫҢ 3-ОРЫМЫНА ОРАҚ ТҮСТІ
Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, аудан шаруалары мал азықтық дақылдарын өсіруге де бет бұруда. Биыл шаруаларымыз 3226 гектар жерге жоңышқа, 2259 гектар жерге дәндік жүгері, 105 гектар жерге сүрлемдік жүгері еккен. Бүгінгі таңда жоңышқаның 3-орымына орақ түсті. Жоңышқаның 1 дана нығыздалған түрі 650-750 теңге аралығында сатылуда. Жалпы ауданда 37 мың ...
Read More »