«Alikhan Bokeikhan University» кітапханасында Астана күнін мерекелеу аясында «Ел жүрегі – Астана» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне, Астананың көне атауы, сонан кейінгі атауларынан сыр шертетін тарихы терең кітаптар қойылды. Атап айтсақ, сонау Бозоқтан бастап Целиноград, Ақмола, Астана атауларымен өткен жолды ашып көрсететін Астана қаласының негізі қаланған күннен бастап дамуының тарихи маңыздылығын айғақтайтын ...
Read More »ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР АЛДЫҢҒЫ ҮШТІКТЕ!
Түркістан қаласында, Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен тоғызқұмалақтан «V Дүниежүзілік көшпенділер ойының қолдау аясында мәслихаттардың 30 жылдығына арналған «Абай жүлдесі» турнирі болып өтті. Түркістан қаласы мен облысымыздың барлық аудандарынан кілең мықтылар жиналған турнирде, Жетісай ауданының командасы әдеттегідей мықтылығын танытып, жүлделі екінші орынды ...
Read More »ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ АЯҚТАЛДЫ
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК АҚ «Здравствуй, добрый человек!» деректі киножобасы өндірісінің негізгі кезеңдерінің аяқталғанын хабарлайды. «Здравствуй, добрый человек!» – саналы ғұмырын петроглифтерді зерттеуге арнаған көрнекті геолог әрі ғалым Алан Медоев туралы хикая. Оның ғылыми еңбектері Семізбұға, Шақпақ ата, Құмақапе, Құдайкөл, Қарасор сияқты мәдениетіміздің тарихи ескерткіштеріне арналған. Ол өзінің зерттеулерін 29 ...
Read More »1 ШІЛДЕ – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Жетісай қаласындағы орталық саябақта 1 шілде – Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Ұлы даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатқан ұлттық аспабымыз – қасиетті домбыра күнін атап өтуге ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры», күйші-сазгер Бөрі Иса бастаған Жетісай аудандық ...
Read More »БАҚ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай ауданындағы телеарна, басылымдар мен сайттардың журналистері, сала ардагерлерін құттықтап, өңірдің медиа кеңістігін дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті. «Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары жауапкершілік және кәсіпқойлықпен ерекшеленеді. Аймақта 1 телеарна, 5 мерзімдік басылым және көпетген ақпараттық ...
Read More »АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТІ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
«28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі» күні қарсаңында іріленген Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, «САНҰР» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, жеңіл атлетикадан спорт шебері, бүгінде телеарналар мен мерзімді басылымдардың тізгінін ұстап жүрген көптеген журналистердің ұстазы болған ардагер журналист Саржанов Тұрсынхан Құдайқұлұлын еске алуға арналған ересектер арасында кіші футболдан турнир болып өтті. ...
Read More »АРАМЫЗДА ҚАНША ӘЗІЛКЕШ ЖҮР…
«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген. Ал күлкісі «тасып» тұратын біздің әзілкештер, яғни «Көңілді тапқырлар клубының» «марғасқалары» қызды-қыздымен, әзілге өздерінің командирлерін де қосып жіберді. Айту керек, зал толы көрерменді күлкіге қарқ қылған сайыс Шекара қызметінің тарихында тұңғыш рет өтті. ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған сайысқа Алматы гарнизонынан Техниканы және қару-жарақтарды ...
Read More »135 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЛАМАН БӘЙГЕ!
2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданындаTAS Group қаржы компаниясының демеушілігімен 135 шақырымдық аламан бәйге өтеді. Бұл бәйге биыл Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылмақ. Бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен сәйгүліктер қатысады. 135 шақырымдық аламан бәйгенің жеңімпазына шетелдік автокөлік сыйға беріледі. Сондай-ақ үздік жетілікке кірген қатысушыларға ...
Read More »АЙТЫСҚА АЙТУЛЫ 8 АҚЫН ҚАТЫСПАҚ
2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданында бұрын-соңды болмаған ақындар айтысы ұйымдастырылады. Әр жылдары ең мәртебелі «Алтын домбыра» және «Асыл домбыра» айтыстарында топ жарған ақындар өзара мықтыны анықтайды. Айтысқа айтулы 8 ақын қатыспақ. «Алтын домбыра» ақындар айтысының үш дүркін жеңімпазы қызылордалық Мұхтар Ниязов 2021 жылғы алғашқы «Асыл домбыра» иегері алматылық Қазірет ...
Read More »Журналистер тоғызқұмалақтан турнирге қатысады
22-23 маусым күндері TAS Group компаниялар тобының демеушілігімен Алматыда “BAQ TOGYZQUMALAQ” атты БАҚ қызметкерлері арасында турнир өтеді, деп хабарлайды bairak.kz. Жарысқа журналистер қатыса алады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар қарастырылған. “Тоғызқұмалақ шартын білмейтін қатысушыларға жарысқа дейін оны меңгеріп алуға мүмкіндік болады. Арнайы мастер-класстар өткізіледі”,- деді тоғызқұмалақ федерациясының өкілі Ришат Асқарбекұлы. ...
Read More »