Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Елімізде жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі ...
Read More »ҚАЗАҚСТАН — ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ МЕКЕНІ
Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр этнос өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана ...
Read More »ОТБАСЫ — БҰЗЫЛМАС ҚАМАЛ
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы ...
Read More »ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЫМ
Биыл бабаларымыз мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан — әлемдік аренада өз орнын ойып алған Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздігіміздің жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Елбасының жүргізген парасатты, көреген саясатының нәтижесі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан ...
Read More »БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН
Қазақстан — құшағы кең байтақ өлке. 130-дан астам этнос өкiлi бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiме айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Ұлтаралық қатынастың, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен ...
Read More »ТІЛ — ЕЛІМІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫ
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.Тіл — тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ...
Read More »ЕЛ БІРЛІГІ -БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМЫЗ
Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап ...
Read More »ТАС МҮСІНДІ ТАМАШАЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА
Биылғы жылы Шардара су қоймасында су мөлшерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты пайда болған мүйісте бірқатар тарихи артефактлер табылған болатын. Мұндай тарихи құндылықтар негізінен су тартылар күз айларында ішінара көрініп жатады. 1958-1963 жылдары Шардара су электр стансасы мен су қоймасы құрылыстарының қарқынды кезеңдерінде Мәскеу мен Алматы қалаларынан келген ғалым-археологтар тобы аудан аумағындағы бірқатар тарихи нысандарды анықтап, алғашқы кезектегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. ...
Read More »АҚЫНДАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАДЫ
Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында «Мен Тәуелсіздікті жырлаймын» атты аудандық жазба ақындардың мүшайрасы болып өтті. Аталмыш шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев аудан әкімінің мерекелік құттықтау хатымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қыл қаламды жанына серік етіп, жалынды жырларымен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп келе жатқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.Өнер ...
Read More »ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АГРОСАЛАДА ОЗАТ АТАНДЫ
Түркістан қаласында, жаңадан бой көтерген «Конгресс Холл» ғимаратында жемісті жылдың жетістіктері қорытындыланып, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталған «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Арнайы өткен іс-шара Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесімен бастау алды. Қалың көпшілікке осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан ...
Read More »
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
