Home » Құттықтау

Құттықтау

ТӘУЕЛСІЗДІК – БОЙТҰМАРЫМ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мен үшін ең қымбат нәрсе – елдің тәуелсіздігі. Тәуелсіздік алудан да, ең қиыны тәуелсізсіздікті сақтап қалу. Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуі тиіс. Сондықтан  да, біз тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарих танымды  ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет»- деп атап көрсетті. Біз «Мың өліп, мың тірілген» халықпыз. Тәуелсіздік  үшін ...

Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ, БАЯНДЫ БОЛСЫН!

Аумағы жағынан әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан Кеңес Одағы ыдыраған тұста Қазақстанның экономикалық та, әлеуметтік жағдайы да қиын еді. Географиялық орналасуы жағынан алсақ, еліміз бұрынғы отарлық империялар, қазіргі мейлінше көп ұлтты Ресей мен Қытай мемлекеттерінің арасында қыспақта жатса, оңтүстікте түркі тілдес жас мемлекеттер – Өзбек, Қырғыз және Түркімен республикаларымен шектеседі. Сонымен қатар, Каспий теңізі арқылы туысқан Әзербайжан, іргелес Иран ...

Read More »

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Үстіміздегі жылдың 25-30 қараша күндері аралығында  Түркістан қаласында 2003-2004 жылы туылған ұлдар арасында өткен ҚР Чемпионатында Түркістан облысы құрама командасының сапында  ауданымыздың спортшылары өнер көрсетіп күміс жүлдені иеленді. Түркістан облысының баскетбол спорты бойынша аға жаттықтырушысы Медет Катешовті, ауданымыздың жаттықтырушысы Нұрлан Катешов пен  ауданымыздың спортшылары Дархан  Тәңірберген, Қазыбек  Серикбай, Сапарбек  Джетписбаев, Александр  Дауэнгауэр, Нұрасыл  Бейбіт пен Бекзат Бейсенбайдыосындай айтулы жүлделі орындарымен ...

Read More »

БІЗ ҮШЕУМІЗ

Жұлдыз болып қалды көкте жүрген із. Біз үшеуміз  ғарышты да көргенбіз. Туған жерді, салт-дəстүрді, тарихты Жырлау үшін Мырзашөлге келгенбіз. Боран ақын ысқырады жел болып, Кейде жауын боп жауады сел болып. Дауыл мінез, толғатқанда бойында Тоқтата алмас, жабылып бір ел болып. Одан кейін, Зікірия – тасқын су. Тоған бұзып, шығарады ол да шу. Ойы жүйрік,  ұшқыр қалам – мергенім. Сөз асырмай ...

Read More »

АҚИҚАТТЫҢ ЖҮРСІҢ ТУЫН КӨТЕРІП

( Боранбай Құдияровқа) Азамат боп жұмыр жерде жүргесін, Елдің сөзін сөйлемеу де ерге сын. Боранбай деп қойған болар атыңды Желтоқсанда борандатып келгесін. Қажымастан, әлі сергек күйіңде, Жетпіс жасқа толып жатсың бүгінде. Жас жігіттің қуаты бар бойыңда, Журналистің уыты бар тіліңде. Ақ ниетті, аңқылдаған ағасың , Ажыратқан ақ пен қара арасын. Тоғышарлар кемшілікке жол берсе, Аямастан түйреп- түйреп аласың. Қыздырасың көсемсөздің ...

Read More »

ШӘКІРТ ЛЕБІЗІ

Өмір өтіп жатыр. Жәй емес, желдің ескеніндей, бұлттың  ай жүзінен  көшкеніндей мазалы да, мазасыз уақыттармен көмкеріліп…  Біреуге бұл әшейін мезгіл сезінсе, саналы, салиқалы, ой түбіне көз тігетін адамға бірінен кейін бірі қайталанған бұл  күндер құдайдан қарызға алынған күндер іспетті. Мұны  айтып отырғаным мынада: Осыдан 42 жыл бұрын мен сол кезде  жасы әлі  отызға  толмаған Боранбай  Құдияровпен танысыппын.  Мектеп табалдырығында жүріп ...

Read More »

АДАЛДЫҚТЫ ЖЫРЛАЙМЫЗ

Әріптесім Сәбит Қалдыбаевқа Сен де момын, мен де момын пендеміз, Мықтылардың қоқайларын көргенбіз. Жүндегісі келгендермен күрестік, Жыртылмады бірақ, әсте жейдеміз.   Әдеп сақтап, тыныштықты күзеттік, Бұзықтардың қыңырлығын түзеттік. Қоқан-лоқы жасап келген «тентекке», Жылы сөзбен жауап бердік ізет қып.   Ашу – дұшпан және ол бір мезеттік, Қашанда біз ізгілікті сөз еттік. Қия тартқан кірпиязға дес бердік, Момыннан да шығады екен ...

Read More »

ЖҮЙРІК ЖЫЛДАР СОҢЫНА ҚАРАСЫН БА?

журналист Сәбит Қалдыбаев 63 жаста Дана ойшыл И.Гете «Адам өмірінің биік шыңы – жастық» деген екен. Кезінде түсінбесек те дәл қазір шын ұғына білдік. Күйбең тіршілікпен күй кешіп жүргенде уақыттың сынаптай сырғып өткенін білмей де қалады екенсің. Иә, дәл солай. Кеше ғана қолына қалам ұстап, киелі қара сөз ауылының есігінен сығалаған қағілез қара бала міне, бүгін Пайғамбар жасына да келіп ...

Read More »