Қазақстан Республикасындағы криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі іс-шаралар аясында АХҚО криптовалюта биржалары мен екінші деңгейлі қазақстандық банктер арасындағы өзара іс-қимыл ережелерін арнайы жұмыс тобы бекітті. Жұмыс тобына ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, ...
Read More »АЛЫПТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕДІ
Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2022 жылғы 8 маусым. «Шеврон» корпорациясы өз филиалы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласында әлеуетті жобаларды зерттеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойғаны жөнінде мәлімдеді. ...
Read More »ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдарына арналған Республикалық шағын гранттар байқауын жариялайды. 🎯Байқау мақсаты –2030 жылға дейінгі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау. ♻️Гранттардың болжамды бағыттары: • Қазақстанда білім беру деңгейін арттыруды, сондай-ақ ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 78 мың гектар суармалы жердің 49,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 17 мың гектар жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың га жерге көкөністер мен тағы басқа дақылдарды егіп отыр. Осы алқаптарда өсірілген бақша дақылдарының алғашқы өнімдері – Жетісайдың қауын-қарбыздары пісіп, ішкі рыноктармен қатар, бүгінде шет елдерге де экспортталып жатыр. ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА ӨСІРІЛГЕН ҚАРБЫЗДАР АЛМАТЫҒА ЖӨНЕЛТІЛДІ
Биылғы жылы жетісайлық шаруалар 78 мың гектар суармалы жердің 49,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 17 мың гектар жерге бақша, 3,5 мың жерге дәндік жүгері, 2,3 мың гектар жерге көкөністер мен тағы басқа дақылдарды еккен. Солардың арасында өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келетін Жетісай ауданына қарасты Атамекен ...
Read More »АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-cәуірінде кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 4986106 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 81,2 % құрады. Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5228,5 млн. теңгені (қолданыстағы ...
Read More »ШЫҰ мүше мемлекеттері маңызды меморандумдарға қол қоюда
Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумының екінші күні басталды. Халықаралық туризм, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласы бойынша ғылыми-техникалық әріптестіктің аясын кеңейтудің мәселелері сөз болған форумның екінші күні ШЫҰ-на мүше елдер арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға ...
Read More »АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының мүмкіндігін ортаға салып, алдағы уақыттағы біріккен жоспарларын да талқылады. Осы орайда Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары — Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «Туристік саланы ұлттық экономиканың маңызды сегменті және мемлекеттің бәсекелестік ...
Read More »МАҚТААРАЛДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА
Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары ерте пісіп жетілетін қант қызылшасының алғашқы өнімін Ресейге экспорттады. Ауыл диқандары Голландиядан арнайы жеткізілген павло, вадан атты қызылшаның жоғары сұрыптарын қаңтар айында 25 гектар үй іргелік жерлерге еккен болатын. А.Қалыбеков ауылдық округі, Жаңажол елдімекенінің тұрғыны Бектемір Алиқұлов алғашқы болып өзінің үй іргесіндегі ...
Read More »Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы пойыз қайта жүре бастады
17 мамыр 2022 жыл. Ташкент. Араға екі жарым жыл салып барып, Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы пойыз қайта жүре бастады. 2020 жылы коронавирусқа қатысты тоқтап қалған жолаушылар пойызы енді «Алматы-2» теміржол вокзалынан Ташкенттің «Ташкент-Орталық» вокзалына дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен Алматыға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері жүреді. Жалпы саны 24 вагоннан тұратын пойызда ...
Read More »