Home » PRESS RELEASE » News » МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫ

МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫ

        Дана халқымыз ежелден адам денсаулығы үшін спорттың маңызын жете түсініп, бізге өсиет ретінде қалдырды. Шынында да, салауатты өмір салтын ұстанып, ұзақ та пайдалы өмір сүремін десең – спортпен айналысуың керек.
        Дәл осы қағиданы біздің мектебімізде жақсы ұстанып, оқушыларымыз – футбол, қол добы, баскетбол, валейбол және т.б. шұғылдануда. Осы спорт түрлерінің арасында әсіресе қол добына (гандбол) ерекше мән берілуде. 2013 жылдан басталған қажырлы  еңбек пен көп дайындықтың арқасында оқушыларымыз, 2016 жылдан қол добынан ұйымдастырылған түрлі деңгейдегі жарыстарда мектеп намысын қорғауда.
        Жас спортшылардың қайраты мен еңбегі, бапкердің дайындыққа бөлген уақытының арқасында олар барған жерлерінен жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтуда. Атап айтар болсақ, қол добынан қыздар командасы 2021 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық жарыста 1-орынды ал, келесі жылы Қызылорда қаласында өткен екінші Республикалық сайыста да жүлделі 1-орынды иеленді. Үстіміздегі жылы да қыздарымыз Астанада өткен республикалық жарыста тағы да 1-орынды  иеленіп, Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы атанды.

         Білім ордамыздың ұл балалар командасы да жоғары биіктерден көрінуде.    Олар 2021 жылы Қызылордада ұлдар арасында өткен Республикалық жарыста 1-орынды, биылғы жылы Астана қаласында өткізілген Республикалық жарыста да алтын медальді иеленіп, Қазақстан Республикасының  2 дүркін чемпионы атанды.

           Мектебіміздің мақтаныштары сондай-ақ, халықаралық жарыстарда да көзге түсе бастады. 2021 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында қол добынан болып өткен халықаралық жарыста  қыздар командасы да, ұлдар командасы да жүлделі 3-орынмен оралды. Аталмыш жеңіс тек мектебіміздің емес, сонымен бірге туған еліміздің де мақтанышы. Сондай-ақ, спортшыларымыз 2020-2022 жылдары Ташкентте өткен бірнеше жарыстардан  жүлделі орындардан көрінді. Талантты оқушыларымыз «Ұшқыр доп» ұлттық мектеп лигасы жарыстарында да жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.

        Спортшыларымыздың жетістіктері бағаланып, 2021 жылы Самарқанд қаласынан оралған соң, спортшыларымызға мемлекет тарапынан «Спорт шеберінің үміткері  (кандидат мастера спорта)» атағы берілді. Бұл біздің мектебіміздің оқушылары үшін үлкен мақтаныш!

         Жақында ғана Астана қаласында өткен «Ұшқыр доп»  ұлттық мектеп лигасында ұлдар және қыздар командасы жүлделі бірінші орынды иеленді. Бұл – мектептің ғана емес, ауданның және Түркістан облысының жеңісі.

           Спортшыларымызды мектеп директоры С.Сундетова салтанатты түрде қарсы алып, жастарымызға өзінің ыстық ықыласы мен жүрекжарды тілегін арнаса,  Қазақстан чемпиондарына бапкер – А.Мамедов жеке өз атынан естелік сыйлықтар берді.

         Еліміздің осындай үміт артқан жастарын дайындаған бапкер – А.Мамедовке де айтар алғысымыз шексіз. Өзінің алтыннан да бағалы уақытын жастарды дайындауға, оларды биік шыңға шығаруға жұмсағаны үшін мектеп ұжымы дән риза.
        Мектебіміздің спортшыларына, бапкер А.Мамедовке өз алғысымызды айта отырып, биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз. Алар асуларыңыз бен бағындырар шыңдарыңыз көп болсын!- дегіміз келеді.
Рухшона НАРЗУЛАЕВА,
 Әл-Фараби атындағы №47 жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Г.НАДИРОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...