Home » PRESS RELEASE » News » ОРАЗА – ҚҰТ БЕРЕКЕ АЙЫ

ОРАЗА – ҚҰТ БЕРЕКЕ АЙЫ

         Рамазан айы адам баласына тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, береке мен рухани байлыққа бастайтын жолбасшы ретінде қасиетті құран түсіріле бастаған берекел берекелі ай.Ораза араб тілінде  «Ас-саум» өз нәпсісін тыю, жақсылыққа жақындап, жаманнан алыстау деген мағына береді. Тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту исламның негізгі бес парызының үшіншісі болып табылады. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден ауызын бекітіп, оразаны бұзатын басқа да әрекеттерден тыйылады.  Әрбір мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз. Адам баласының Жаратушысы Аллаһ Тағаланың оған берген сансыз нығметі мен жақсылықтары үшін жасалатын шүкіршілік айы болып табылады.Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Алла тағаланың өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұл дүниенің бейнет,ақыреттің зейнет екенін жақсы түсінген.
        Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.): «Ережеп – Алланың айы, Шағбан менің айым, Рамазан – үмметімнің айы»,-депмұсылман үмметі үшін қасиетті айларды атап көрсетіп кеткен. Осы мәндес келесі бір хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.):«Иә, Алла! Ережеп және Шағбан айын қайырлы әрі мүбарак еткей, бізді Рамазан айына аман-есен қауыштыр»,- деп Раббысынан сұрап, дұға ететін. Сол себепті ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Рамазан айында Жаратушының мейірімі төгіліп, рақымы жауатынын, сүйікті пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) өнегесін дәріптеп, ел бірлігінің ұйытқысыдінде екенін жақсы білген.
       Бабаларымыз тұрмыс-тіршілігінде мұсылмандық міндеттерді халыққа насихаттап отырудан жалықпаған. Қол қусырып, құбылаға бет түзеу, ораза ұстап, бес уақыт намазды қаза қылмау көкейіне жиғаны, көкірегінде иманы бардың белгісі деп тани білген. Бұл жайындаШортанбай ақынның мына өлеңінде ол жақсы жеткізілген:
Құбылаға бас қоймақ,
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы.
       Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек.
        Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтап, жақсылыққа жетелейтін ай. Құранда Алла Тағала оған байланысты: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» («Бақара»:183),-деп бұйырды.  Басқа айда өз қалауынша бей-берекет ішіп-жеп, кейде ысырап етіп үйренген құл ендігі жерде судың бір тамшысын, тамақтың бір түйірінің  қадыр қасиетін түсінеді.
       Рамазан  құт  береке мен бірлік айы. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мен ұлы кең байтақ даламызда бірлікте тірлік қылып, ынтымақта ғұмыр кешейік. Еліміздің ертеңі мен баянды болашағы үшін аянбай еңбек етіп, осы жолда қызмет қылушы ел азаматтарына көптеп көп дұға жасайық. Дұғалар кері қайтарылмайтын қасиетті уақытта еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілейік. Дініміздің діңгегін нық, еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығы мен иман байлығын баршамызға бұйыртсын.Баршаларыңыздың мүбәрак айдағы ізгі амалдарыңызға Алла сансыз сауаптар жазып, екі дүние бақытына бөлесін. Халқымыздың ынтымақ-бірлігі артып, ырыс-несібесі молынан болғай. Қасиетті Рамазан баршамызға құтты, берекелі, күллі мұсылман жұртшылығына жақсылық пен құт береке алып келер ай болсын.
Е.ЕШТАЙ,
«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің  маманы. 
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...