Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛҒЫС АЙТУ – ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЛҒЫС АЙТУ – ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ

АЛҒЫС АЙТУ – ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ

       Аудандық орталықтандырылған кітапханада 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, этнос өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел жиыны болып өтті.
       Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұл мереке қиын-қыстау уақытта қазақ халқының көрсеткен қамқорлығының ұмытылмайтынын білдіреді. Айтулы мереке халқымыздың тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүруі үшін өте маңызды. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатқан 130 дан астам этнос өкілдері бір атаның баласындай егемен елімізді дамытуға, бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. Іс-шара барысында этнос өкілдері тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және гүлденген өмірі үшін өз алғыстарын білдіріп, аудандық кітапхана қызметкерлерінің тақырыпқа сай әзірлеген баяндамалары тыңдалды.
         Сонымен қатар, іс-шара аясында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тіл саясатын іске асыру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қызметін нығайту мақсатында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» акциясын қорытындылап, акция қатысушыларына аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» басшысы Қ.Рысмахановтың дипломдары мен естелікке сыйлықтары табысталды. Іс-шара соңында жиынға қатысушыларға Алғыс айту күніне арналған кітап көрмесі таныстырылды.
       Ынтымақ пен берекені ұйытқы етіп, ортақ Отанымыздың болашағы үшін бір ниетте еңбек етейік.
Мөлдір БАЛХАШОВА,
Жетісай аудандық » Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ әдіскері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...